Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“БанкЦентрКредит” тұтынушыларына қатеге толы анайы сөз жазылған чек таратқан

Мемлекеттік тілді қорлау әдепкі жағдайға айналып бара жатқан сыңайлы. Бұл жолғысы бұрнағыдан да сорақы. Еліміздегі білдей банктің бірі “БанкЦентрКредит” тұтынушыларына түсініксіз сөз жазылған чек таратып отыр.

п

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған жағдай Таразда болған. Сонымен чекте айтуға ауыз бармайтын нендей сөз жазылған.

Күні кеше шотындағы ақшасын алуға барған Райхан банкомат берген чектегі жазуды көріп жаға ұстапты.

– “Кеше ғана сағат екі қырықта осы банкоматқа келіп ақша алайын дедім. Ойымда жамандық жоқ. Чекті алғанда жаман сасып қалдым. Алғаш түсінбедім. Өзбекше ма деп. Жұмысқа барғанша ойландым. Неге бұлай жазды деп. Анықтап оқысам, енді оқудың өзі масқара”, – дейді журналист Райхан Шәлібекқызы.

Тілдей қағазда қате өріп жүр. Рахметтің орнына шихметті, өтінеміз дегеннің орнына өтішеміз, күні деген сөзді күші, Алматы уақыты емес Илмиты уиқыты дегенді көрсетіп барша әлеуметтің басын қатырып қойған. Сорақысы соңында анайыға ұқсайтын сөз жазылып кеткен.

– “Қазақ тілін қорлау деп есептеймін біріншіден. Өйткені, білдей «БанкЦентрКредит» қайда қарап отыр? Неге орысша шыққанда сауатты шығады, қазақшада олай емес?”, – дейді журналист.

Дау тудырған чек басқа емес дәл “БанкЦентрКредит” банкінің Тараздағы филиалында орналасқан мына банкоматтан шыққан. Қызығы басшылық қоғамда үлкен дау тудырған бұл мәселені ұсақ-түйекке, өзге банктердің тапсырысына балап отыр.

Чекті алған адам келмей бұған жауап бермеймін деген директорға түс ауа қайта бардық. Бірақ жауап берер жан таппадық. Айтпақшы біз барғанда істеп тұрған банктегі банкоматтардың барлығы операция ортасында істен шықты. Кейін, қарауылы есікті тарс жапты.

– “Анайы сөз жазылған чекті берген банкомат аяқ асты істен шыққан соң басқасына барып көрген едік. Міне мұнда  кешегідей қателік жоқ. Бірақ бұл банкомат бөлімшесі латын әрпіне көшіп кетіпті”, – дейді тілші Нұрадин Рақай.

Осылайша білдей қаржылық орталықтың қазақ тілінен бірнеше қате жіберіп қойып, қарап отырғаны әлеуметтік желіде де қызу талқыланды. Пікір қалдырғандардың арасында ашуға булыққандар көп.

Жіберіп алмаңыз:

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Астанадағы қазақша қате атаулар (фото)

Елімізде “О дүниелік шоколадтар” шығып жатыр

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Талқылау