Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәліш пен ботқа әзірлеу: Баян Алагөзованың бір күндік өмірі қалай өтеді (фото, видео)

Танымал продюсер Баян Алагөзова желідегі оқырмандарына бір күндік өмірін көрсетті. Ол демалыс күні күйеуіне таңғы ас әзірлеген сәтін көрсетіп, одан кейін “аяқ киімге толы” үйін көрсетті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Бәліш пен ботқа: Баян Алагөзованың бір күндік өмірі қалай өтеді (фото)

Баян күн сайын таңғы асқа міндетті түрде ботқа мен жұмыртқа жейтінін айтып өтті. Айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов жұмыртқаны сүйіп жейді екен.

“Өте сирек жасаймын. Тек жексенбі күндері. Көбінесе таңғы асты сырттан ішеміз. Ал бүгін бәрін өзім жасадым. Күн сайын осылай тамақтанамыз. Тек Ажар дайындайтын, ал бүгін өзім әзірледім”, – деп мақтанды Алагөзова.

Бұдан өзге, Мақсатқызы қамыры айраннан жасалған бәліш әзірлеп, көпшілікті таңғалдырды.

“Менің бәліштерімді барлығы жақсы көреді. Кейбіреулер сүттен жасайды, бірақ ол ауыр боп кетеді. Айраннан жасалған жеңіл әрі дәмді. Отбасымда осы бәліштеріммен танымалмын. Мен жасасам, үлкен де, кіші де жеп қояды. Бірақ бұл жиі бола бермейді. Мүмкін жылына бір рет”, – деп күлді Баян.

Сондай-ақ, танымал продюсер аяқ киімге толы гардеробын көрсетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ⠀⠀🌟🌟ИНСТАГРАМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ🌟🌟 (@kaz_stars)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау