Балиеваға 2 кресло не үшін қажет: Желі қолданушылары балалар қамқоршысын қызметінен босатуды ұсынды

Желіде қоғам белсендісі, журналист Гүлбану Әбенова Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваның неге екі түрлі қызметті атқарып жүргені туралы жазба қалдырды. Оның айтуынша, Балиева мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсамай отыр, – деп хабарлайды Stan.kz.

Әбенова Facebook желісіндегі парақшасында Балиева туралы жазбасын жариялады.

“Мен түсінбеймін депутат Балиеваға екі кресло не үшін қажет? Неге парламенттегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі балалар қамқоршысының міндетін атқарады? Балалар қайда, халықаралық қорғаныс істері қайда?

Неге Call-centre мен балалар құқығы жөніндегі уәкілетті органының сайтын ашу үшін 166,8 млн теңге жұмсалды?
Сіздер ешкім білмейтін нөмірге жыл сайын 2 миллион қоңырау түсті дегенге сенесіз бе? Мен өз басым мұндай сенім телефоны туралы бір де бір жарнама немесе хабарламаларды көрген емеспін.

Хабарласқан адамның аты-жөнін, қай жерден қоңырау шалғанын, жасын растай ала ма? «Жоқ, әрине, бұл анонимді сенім телефоны ғой… Біздің олар туралы деректерді тексеруге құқығымыз жоқ», –  деп жазды Әбенова.

Сонымен қоса, Балиева мен  ресми уәкілетті өкіл Шәкіровтің статистиклары сәйкес келмейтінін және атқарған қызметтерінде ақау барын жазған.

«Қандай 2 миллион қоңырау болады, егер ресми уәкілетті өкіл Шәкіров президенттің алдында өткен жылы 1474 өтініш түскенін мәлімдесе. Қалған 1 миллион 800 мың адам қайда? Әлде олар, Балиеваның қоңырау орталығына ұялғаннан анонимді қоңырау шалған ба?

Жылына 2 млн. Ал біз бар болғаны 18 млн ғанамыз. Олардың 3 951 255 адамы 15 жастан кіші. Яғни 4 млн бала болса, Балиеваның орталығына 2 млн хабарласқан. Демек әр бір екінші балаға қауіп төніп тұр.

Оның айтуынша, мұндай мәселеге бей жай қараған депутат орынын босату керек. Егер 2 миллион жасөспірім хабарласқан болса, уәкілетті органның атқарып отырған ісінде ақау бар, дейді ол.

«Ал ол мақтанады. Балиева пайдаланып отырған 166, 8 млн теңге біздің үкіметтің қалтасынан шықты. Сайт пен коллцентр ашуға 5 млн теңге де жететін еді», – деп жазды.

Сонымен қоса, Әбенова сайт ашуға кеткен қаншама қаржыға бірнеше баланың өмірін құтқарып қалуға болатынын айтты.

Оның ойынша, халық балалар жөніндегі уәкілетті органды өз еркімен таңдап алуы керек.

Автор пікірімен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін

Тағы оқыңыз:

Алматыда жаппай төбелес: Дәмханада даяшылар келушілерге орындық лақтырған (видео)

БАҚ: Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болып, мал бағып келген

Экс-министр Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

Алматыда беделді мейрамхананың бірінен ас ішкендер жаппай уланып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар