Балиева баланы анасына не себепті бергісі келмегенін түсіндірді

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Астанада 7 жасар баланы анасымен не үшін кездестірмегенін айтты.

facebook желісінде тараған видеодан скриншот

Балиева баланың анасы мемлекеттік қорғаудан бас тарта алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

“Мен анасына баласының жағдайы жақсы екенін түсіндірдім. Жанында тәтесі мен әжесі бар. Бірақ ол анасы болғандықтан, мемлекеттік қорғаудан бас тарта алады. Ол үшін арыз жазу керек. Анасына бір ғана сараптама жасап, баланың денсаулығын тексеру керек екенін айттым.

Анасы маған сараптаманы Алматыда жасатынын, сондықтан баланы жіберу керек екенімді айтты.

«Мен оған сараптамаға келіспейтін екінші тарап барын ұмытпаңыз дедім. Сол кезде тағы бір сараптама жасау керек болатынын айттым. Бірақ ол түсінгісі келмеді. Мен оған бас тарта алмаймын. Ол баланың анасы», – дейді Балиева.

«Ол қазір арыз жазып жатыр. Егер ол арыз жазса, баланы өзімен алып кете алады. Мен өз тарапымнан барлығын істедім. Соны түсініңіз», – дейді ол.

Балиева баласына келген әйелдің өте қобалжыған күйде болғанын айтты.

«Сіздің мұндай күйгелектеп тұрған сәтіңізде баланы жібере алмаймын. Ол сараптамаға дайындалып жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеуде дедім. Бірақ баласының денсаулығы үшін анасы жауап береді. Ол өз шешімін қабылдады. Оның шешіміне де құрметпен қарауым керек», – деді ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Осыдан соң баланы анасы өзімен алып кеткен.

Желіде тараған видеода Зағипа Балиева не себепті анасын баласына жібермей жатқанын түсіндіріп бақты.

“Біз күткелі 2 сағат болды. Баланы не себепті анасына жібермей жатыр? “, – деді тілшілер.

“Мені түсініңіздерші, қазір кешкі сағат 21:00. Мұндай уақытта балаға тыныштық керек. Баланың жағдайын ойлап тұрмын”, – деді Балиева.

“Ол баланың анасы ғой. Кез келген уақытта баласымен кездесе алады” деп жатты тілшілер қауымы.

Жіберіп алмаңыз:

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар