Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласымен көлік жуу бектінде тұрған әйелді ата-ана құқығынан айырды

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Зоя Степановаға ата-ана құқығынан айыру талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Avtochimiya

Сурет: avtomojky.com 

Бұл туралы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандарылған соттың баспасөз қызметі хабарайды.

Іс материалдары бойынша,  Степанованың кәмелетке толмаған қызы 2016 жылдың 23 ақпанынан бастап онымен бірге Павлодар қаласының бір көлікжуу бекетінде тұрған.

2016 жылдың 23 ақпанында анасы Зоя Степанова Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне келіп, қызын тастап кеткен, өйткені оның баратын жері болмаған. Анасы спирттік ішімдікті ішкені анықталған. Жеті жастағы баланың туу туралы куәлігі болмаған, тұрақты тұрғылықты жері  үшін бейімді жағдайда тұрған. Баланы «Балалар баспанасы» ММ-неорналастырды, үш ай ішінде анасы қызына мас күйінде барған. Баланың туу туралы куәлігін «Балалар баспанасы» ММ-і рәсімдеді.

Тиісті түрде хабарланған жауапкер сот отырына келген жоқ.

Сот шешімімен «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ-нің Степановаға қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлына Адольф Гитлер деп ат қойған әке-шешесі ата-аналар құқығынан айырылды

Талқылау