“Балаңызды ұрмаңыз”: Нұртас Адамбай 1,5 жасар ұлына қол көтергенін айтты

Жұма, 6 Қазан , 2017 14:16

Нұртас Адамбай ежелден келе жатқан “тәсілді” артта қалдырып, балаларды тәрбиелеудің қарапайым әдісін ұсынды. Ол бастан өткен хикаясын баяндап, өзгелерді өз қателігін қайталамауға, анығында, балаларды ұрмай тәрбиелеуге шақырды. Оның айтуынша, білектің емес, сөз құдіретінің күшімен тәрбиелеу арқылы баланың бақытты болып өсуіне сеп тигізуге болады, деп жазады Stan.kz.

“Кез келген адам үшін баласының жасаған дүниесі – нағыз жауһар. Ұлыма оның жұмыстарының үздік екенін әркез айтып отырамын. Мүмкін бұл менің субъективтік пікірім шығар, есесіне шын көңілден шыққан сөздер.

Ата-анам менің фильмдерімді үздік санайды. Олар менің фильмдерімді бірнеше реттен қайталап көре береді. Барлық фильмдерімнің тұсаукесерінде ата-анамның болғаны жаныма жылулық сыйлайды. Сондай сәттерде қаншалықты бақытты адам екенімді түсінемін. Себебі олардың мен үшін қаншалықты алаңдайтынын, әр жетістігіме шынайы қуанатынын білемін.

Ата-анамның қолдауының арқасында шығармашылықта алға қарай ұмтылуға тырысамын. Ана мен әкенің бақытты жүзінен асқан жағымды нәрсе болсын ба?!

Балаларыңызға үнемі қолдау көрсетіп отырыңыздар. Олардың өз-өздеріне сенімді болып қалыптасуын қадағалаңыздар. Себебі олар бізден қорғанышын көреді, қолдау күтеді.

Бір күні дәрігердің қабылдауында болғанда ұлымның құйрығынан ұрып жібердім. Ол кезде балам небәрі 1,5 жаста еді. Ккереуетте жатқысы келмей, қайта қайта тұруға талпынып жатты. Ал мен ақымақтықпен баланы тыныштандырудың байырғы тәсілін қолдандым.

Сонда дәрігердің маған айтқан сөздері мәңгілікке жадымда қалды: «Ол сізден қорғанышын көреді, ал сіз оны ұрып жатырсыз. Оның қандай күйде екенін елестете аласыз ба?» Сол сәтте өзімді сондай ақымақ сезініп кеттім. Ұзақ уақыт бойы ұлымнан кешірім сұраумен болдым. Сол ақылды жанға рахмет айтамын.

Түсінгенім, физикалық тұрғыдан қанша мықты болсаң да, ол күш қолдануға болады деген сөз емес. Тіпті, ол сенің перзентің болса да… Мейлі, сен оған тек жақсылық тілесең де. Балаға сөзбен түсіндіруді үйреніңіз, сол кезде ол еркін әрі бақытты болып өседі”, – деп жазды Адамбай.

Для любого человека то, что сотворил его ребёнок – это шедевр! Я всегда говорю своему сыну, что его работы самые лучшие! Может это и субъективно, но я говорю это искренне. Мои родители считают, что мои фильмы самые лучшие! Они могут их просматривать по несколько раз. На всех своих премьерах больше всего меня греет присутствие мамы и папы. В такие моменты я понимаю насколько я счастливый человек. Потому что знаю как они переживают за меня и радуются любому достижению. Благодаря их поддержке я стараюсь двигаться дальше в своём творчестве. Что может быть приятнее счастливых лиц мамы и папы? Всегда поддерживайте своих детей! Развивайте в них уверенность в себе. Только в вас они видят поддержку и защиту. Однажды на приеме у врача я дал по попе своему сыну, когда ему было года полтора. Он все время вырывался, не хотел лежать на койке. И я по глупости применил наш излюбленный способ успокоить ребёнка. Тогда врач сказал слова, которые я запомнил навсегда: «Он видит в вас защитника, а вы его бьете. Представляете каково ему?». Тогда я почувствовал себя таким дураком. Долго просил у сына прощения. Спасибо тому умному человеку! Сегодня я понимаю, что если ты сильнее физически это вовсе не значит, что ты имеешь право применять свою силу. Даже если это твой ребёнок. Даже если ты желаешь ему только добра. Учитесь объяснять словами и тогда у вас вырастут счастливые, свободные дети!

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” түскен телехикаяның көрерменге қашан жол тартатыны белгілі болды

Кәмшат Жолдыбаева жалаңаштанғаны үшін сынағандарға жауап берді (видео)

Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)

Ерке Есмахан: Күйе жағу мен жаладан тірі кезде құтылмаймын ба?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар