Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды теуіп, шыбықпен қорқытқан: Шымкент балабақшасындағы тәрбиеші көмекшісінің әрекеті шу шығарды

Шымкентте жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып, кейін шыбын-шіркей өлтіретін шыбықпен қорқытып, қатарға тұрғызғаны бейнебақылауға түсіп қалған. Мұны білген ата-аналар шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Оtyrar порталынан

Ата-аналар бұл кадрларды TikTok желісіне жариялап жіберген. Кейін олар балабақшаға полицейлерді шақырып, құжаттарын алып кеткен. Айтуларынша енді төленген төлемді қайтара алмайжүр екен.

Деректерге сай қазір балабақша да бос тұр. Басшылықтың да, тәрбиешінің де қарасы көрінбейді екен.

Шымкент қаласының білім басқармасы жарияланған кадрларда тәрбиешінің көмекшісі бейнелен. Оқиға Наурыз мерекесі кезінде болған. Тәрбиеші әрекетін тек балалардың шулағанын басу үшін жасағанын айтып ақталған. Бұл жанжалдан соң тәрбиешінің көмекшісі өз еркімен жұмыстан шығып, жеке балабақша меңгерушісі қатаң сөгіс алған.

"Жекеменшік балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істейді. 45 бала қарауында. Әлеуметтік желілерде тараған видеода-тәрбиешінің көмекшісі түскен. Оның білімі жоқ, ол балабақшада 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Басшылық оның балаларды теппегенін, тек тым шулап кеткесін осылай қорқытқысы келгенін айтты. Балалар физикалық жарақат алмаған, бірақ психологиялық жарақат алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ата-аналар бізге шағымданбады”,- деді Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі мекемелер бөлімінің басшысы Әйгерім Ерсаева.



Видеоға құқық қорғау органдары да жауап берді. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі факт бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады екен.

@tancho222 Ответ пользователю @akerkem041 ♬ оригинальный звук - Алкожа Таншолпан
Талқылау