Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларды өлтіруді доғарыңдар": Асхат Садырбай Қазақстандағы министрліктерді сынады

Белгілі журналист Асхат Садырбай балаларды өлтірмеңдер деп сұрап министірлікке сын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында "Балаларды өлтіруді доғарыңдар" деп шағымданды. Еліміздегі соңғы жағдайлар журналиске қатты әсер еткен болуы керек. Ол балаларға жауапты мекемелерді тексеруден өткізіп, қадағалауға алу қажет екенін айтты.

"Қазақстандағы балабақшалардың барлығын үлкен тексеруден өткізу керек! Балалар мен жасөспірімдер баратын үйірмелерге де лицензиясы бар мекемелерге ғана рұқсат беру керек! Бүгін дәл осы екі мәселенің төңірегіндегі екі жәйт жүректі қақ айырды. Біреуі жаттығуда жүріп ажал құшса, біреуі балабақшада жүріп екінші қабаттан ұшты. Біреуі көз жұмды, біреуі комада. Адамдар айуаннан да бетер боп бара жатыр. Не көрінді осы ақшаның соңынан жүгіргендерге?! Құдайдан қорықсаңдар етті!" - дейді Асхат Садырбай.

Баласына қауіпсіз балабақша, сапалы мектеп іздеп, шарқ ұрған ата-ананың жай-күйін жазған ол миністірлікті бұл мәселелердің алаңдатпайтынын айтып шағымданды.

"Қазір баламызды қандай балабақшаға береміз немесе мемлекеттік балабақшаға бере аламыз ба деп емес тәрбиешілері дұрыс, сенімді балабақша іздейтін болдық. Барлық ата-ананың уайымы сол. Айына 100-150 мың теңгелік жекеменшік балабақшаларға жұрттың бәрінің жағдайы жетпейді! Арзандарының түрі анау. Мен бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің білім министрі, отбасы мен балалардың мәселесімен айналысатын департаменттерден әрекет байқалмайды", - дейді журналист. 

Осылайша  министрлікке шағым айтқан ол, мәселені соңына дейін жеткіземін деп сөз берді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстандағы балабақшалардың барлығын үлкен тексеруден өткізу керек! Балалар мен жасөспірімдер баратын үйірмелерге де лицензиясы бар мекемелерге ғана рұқсат беру керек! Бүгін дәл осы екі мәселенің төңірегіндегі екі жәйт жүректі қақ айырды. Біреуі жаттығуда жүріп ажал құшса, біреуі балабақшада жүріп екінші қабаттан ұшты... Біреуі көз жұмды, біреуі комада. Адамдар айуаннан да бетер боп бара жатыр. Не көрінді осы ақшаның соңынан жүгіргендерге?! Құдайдан қорықсаңдар етті! Арзан қызметкер-тәрбиесіз тәрбиеші-псиxикасы ауытқыған тәрбиеші-тасжүрек тәрбиеші-мейірімсіз әйел-тасжүрек ана-арзан қызметкер! Қазір баламызды қандай балабақшаға береміз немесе мемлекеттік балабақшаға бере аламыз да деп емес тәрбиешілері дұрыс, сенімді балабақша іздейтін болдық. Барлық ата-ананың уайымы сол. Айына 100-150 мың теңгелік жекеменшік балабақшаларға жұрттың бәрінің жағдайы жетпейді! Арзандарының түрі анау. Мен бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің білім министрі, отбасы мен балалардың мәселесімен айналысатын департаменттерден әрекет байқалмайды. Сіздер неге бұл мәселені қолға алмайсыздар? Ол балалардың орнында өздеріңіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіздің болмауына кім кепіл?! Хош, жазған посттарым жететін жерге жетпесе мінберде сөз тисе, министрді көрсем бірінші кезекте осы мәселені айтамын! #БалалардыӨлтірудіДоғарыңдар #StopKillingChildren

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

"Сіздер неге бұл мәселені қолға алмайсыздар? Ол балалардың орнында өздеріңіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіздің болмауына кім кепіл?! Хош, жазған посттарым жететін жерге жетпесе, мінберде сөз тисе, министрді көрсем, бірінші кезекте осы мәселені айтамын!" - дейді Асхат Садырбай.

Талқылау