Балалар аштықтан жылай бастағанда, өмір сүргім келмейді: Маскүнем күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ана халықтан көмек сұрады

Күйеуімен ажырасқаннан кейін екі кішкетай баласымен қалған атыраулық жалғызбасты ана көк тиынсыз және баспанасыз қалды. Жас әйел отбасын асырау үшін, тіпті көтерме дүкендердің бірінің иесіне қыздарының туу туралы куәлігін кепілдікке қоюға мәжбүр болған.

Балалар аштықтан жылай бастағанда, өмір сүргім келмейді: Маскүнем күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ана халықтан көмек сұрады

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгінде екі баласымен жалғыз өзі қалған Рысханым Аяпова 24 жаста. Ол жұмыс істемейтін маскүнем күйеуімен алты ай бұрын ажырасқан.

«Менің күйеуім Қызылорданың тумасы. Біз ешқашан молшылықта және бақытты өмір сүрген емеспіз. Ол ішіп-жегенді жақсы көрді. Тіпті, үйдегі азық-түлік пен мүліктің бәрін, ішімдікке айырбастайтын немесе өзіне арақ сатып алу үшін сататын. Мен барлығына көз жұма қарадым. Ол мас болған кезде оны арқама арқалап, отбасымды асырау үшін азық-түлік өзім іздеп, жан бақтық. Бірақ соңында ол басқа әйелді жақсы көретінін айтып, заттарын жинап, Қызылордадағы үйіне кетіп қалды. Сонша баққан күйеуім мені екі кішкентай баламен бірге қолымда не ақшасыз, не баспанасыз қалдырып кетті»,-дейді жалғызбасты ана.

Аяпованың сөзіне қарағанда, ол әлі де алимент алуға арыз жаза алмай отыр. Өйткені жалғызбасты ана Атырау қаласына жақын елді-мекенде үш және бір жасар қыздарымен жалдамалы пәтерде тұрады. Жас әйелдің тіпті, азық-түлікке немесе қалаға барып қажетті құжаттарды толтыру үшін ақшасы жоқ. Ол сондай-ақ, бір жылға дейін бала күтімі үшін жәрдемақы алатын банк картасын күйеуі өзінің несиелерін өтеу үшін алып кеткенін айтты. Жалғызбасты ана қайырымды жандар әкеп тұратын азық-түлік пен ақшаға күнелтуге мәжбүр.

«Кейде үйде бір үзім нан да болмай қалады. Ет деген тіпті, арман. Бүгінде қыздарымның туу туралы куәлігі қарызға азық-түлік алып жүрген дүкен иесінде жатыр. Қазіргі таңда бұл дүкенге 18 000 қарызбын. Қыздарымның құжатын алу үшін қарызды әлі төле алмай отырмын. Кейде түнде балалар оянып, қатты аштықтан жылайды. Сол кезде жаным ауырып, өмір сүргім келмей кетеді», – дейді Рысханым Аяпова.

Оның кіші қызы әлі күнге дейін бірде-бір екпе алмапты. Бүлдіршін мешел ауруына шалдыққан және медициналық көмекке мұқтаж. Рысқаным өлместің күні үшін, тегін тұрып жүрген және сүт пен макарон өнімдерін беріп тұратын пәтер иелесінің балаларын қарайды екен. Ал «Аналар үйіне» екі баласы бар әйел қабылданбады, себебі қабылдау ережесіне сәйкес анасымен тек бір бала өмір сүруі керек.

«Қазіргі уақытта тұрып жатқан пәтерге маусым айынан бастап ай сайын 20 мың теңге төлеуім керек. Бұндай ақшаны қайдан аламын. Жұмыс істегім келеді. Менің толық емес педагогикалық білімім бар. Бала күтушісі болып жұмыс істей аламын. Қыздарымды емдеп, балабақшаға бергім келеді. Бірақ қазір дәрі-дәрмек алу үшін ақша жоқ, ал олар бронхитпен ауырады. Егер маған көмек қолын соза алатын қайырымды жандар болса, оларға өмір бойы риза болып өтемін»,- дейді жалғызбасты ана.

Тағы да оқыңыз:

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Жеңістен оралысымен анасының аяғын сүйген қазақ спортшысы елді сүйсінтті (видео)

Талдықорған тұрғындары плакатпен жол шұңқырларына отырып қарсылық танытты

Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар