Балалар арасында өтетін «Новая волна» байқауында ел намысын Жәнел Сәдуақас қорғайды
Биыл балалар арасында өтетін «Новая волна-2016» байқауында еліміздің атынан астаналық 11 жасар Жәнел Сәдуақас өнер көрсетпек. Жас дарын иесі қазақстандық әнші Ademi-ден сабақ алып жүр. Естеріңізде болса, Ademi былтырғы «Новая волна» байқауының екінші орын иегері, аталмыш байқауда Қазақстанды үздік үштікке кіргізген алғашқы әнші.
«Балалар арасындағы халықаралық «Новая волна» байқауына біздің елімізден сүйкімді ханшайым, менің шәкіртім Жәнел Сәдуақас қатысады. Сіздердің қолдауларыңызды күтеміз», – деп жазды әнші Ademi өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Байқау финалы Қырымдағы «Артек» халықаралық орталығында 11-13 тамыз аралығында өтеді. Өнер додасына әлемнің 11 елінен 8 бен 12 жас аралығындағы барлығы 15 бала қатысады. Оның ішінде Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея және Румыния өнерпаздары бар.
Ал әділ-қазылар алқасы құрамында Евгений Крылатов, Лев Лещенко, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев, Филипп Киркоров сынды Ресей сахнасының саңлақтары бар. Қазылар алқасының төрағасы – Ресей халық әртісі, продюсер әрі композитор Игорь Крутой.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр