Бала тәрбиесінде үлкендер жіберетін 7 қателік

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 16:28

Төмендегі 7 қателікті кез келген жастағы адам білуі тиіс. Оларды қарап шығу көп уақытыңызды алмайды. Еуропа психологтарының анықтауынша, жастайынан жүгіріп, далада топыраққа аунап, тізесімін жығылып жарақат алмаған бала өскен кезде фобия секілді қорқыныштарға ие болады екен. Бала құлап, бірнеше рет жарақат алу арқылы өмірді түсінгендей болады.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

1. Біз балаларға “нар тәуекел” сезімін бастан кешіруге мүмкіндік бермейміз. Олардың қауіпсіздігі бірінші орында деп, өмірдің қиындықтарынан сақтап қалуға тырысамыз. Алайда бұл әрекетіміз қате. Оларға өмірде жақсы мен жаманның қатар жүретіндігін үйреткеніміз абзал. Үлкендер балаларды қорғаймыз деп олардың бойына тәкаппарлық, өзін бағалай алмау сынды жағымсыз қасиеттердің өсіп шығуына жағдай жасап жатқандығын сезіне бермейді.

2. Біз тым жылдам көмектесеміз. Балаға жылдам көмектесу арқылы оны өз бетіміен ізденіп, қиын мәселелерді өзі ғана шешу мүмкіндігінен айырамыз. Көп уақыт өтпей бала қандай жағдайға тап болсам да, маған көмектесетін адам бар деп ойлайды. Ал өмір тым қатал. Онда махаббат пен сүйіспеншілікке орын болса да, адамдардың бір-біріне көмектесіп үлгермей қалуы ғажап емес.

3. Оларды шамадан тыс мақтап жібереміз. Бала жеңістің барлығына да тиесілі екенін сезінеді. Арада уақыт өткен соң бұлай ойлайтын тек қана туғандары екенін түсініп, ата-анасына өтірік айтады. Себебі, оған мақтан сөз есту маңызды.

4. Кінәні сезіну арқылы жақсы қасиеттерін жасырып қояды. Бала шамадан тыс еркелігінің арқасында өмір жолында кезіктірген қиындықтарды жеңе алмауы мүмкін. Сол себепті, жастайынан «жоқ», «тек қазір емес» сынды сөздерді естігені жөн. Ата-аналар отбасында бірнеше бала болса, олардың барлығын бірдей мақтағысы келеді. Бірақ барлығын бірдей мақтай беру мүмкін емес. Осылайша баланың табыс өзінің арқасында ғана келетіндігін түсіну мүмкіндігінен айырамыз.

5. Біз оларға өзіміз жасаған қателіктерден бас тартуды үйрете алмаймыз. Жасөспірімнің қанат жайып, серпіліс жасағысы келетін уақыты туады. Үлкендер бұл әрекеттеріне мүмкіндік беруі керек. Олардың барлық қиындықтарын шешіп беруге ұмтылмай, өзіміздің бұрын-соңды жіберген қателіктерімізді айтып, сабақ алдырып үйренгеніміз жөн. Дәл олардың жасында қандай қателіктер жасағаныңызды айтып беріңіз. Бірақ шылым шегу, ішімдік және анаша секілділерді ауызға алудан аулақ болыңыз. Және осы қателіктерден қандай сабақ алғаныңызды айтыңыз.

6. Білім мен ақылды шатастырмайық. Білімді бала мен ақылды адамның арасында алшақтық бар. Әдетте, сабағын жақсы оқитын бала үлкен өмірге дайын деп ойлаймыз. Мысалы, талантты жұлдыздар да жанжалға тап болады. Білімді баланы барлық жағынан жақсы деп айту қиын. Сондықтан, балаңызға ақылды болуды үйретіңіз.

7. Балаларға үлгі көрсете алмаймыз. Тәрбиені сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де көрсете білуіміз керек. Олар үшін біз еліктеуге тұрарлық тұлғамыз. Жасы кішілер бізге қарап бой түзейді. Сондықтан, ең майда деген істеріңізге де мән бергеніңіз абзал. Ата-ана – балалар үшін нағыз айна.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте хиджаптағы келіншек әйел акушер босандырмаса баласымен қоса өлуге дайын екенін айтқан

Күйеуін абайсызда өлтірген Алға тұрғыны мемлекеттен 600 мың теңге өндіріп алды

Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды

Жамбылдық полицей басын қатерге тігіп қауіпті қылмыскерді құрықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар