Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)

Мейрамханада сүндет той тойлау кезінде баланың атындағы аты үркіп, қаша жөнелді.

photo_221327

Көпшіліктің болжауына оқиға Ақтау қаласында болғанға ұқсайды. Сүндет той жасап жатқандар баланы атқа отырғызып мейрамханаға алып кіреді. Атты ер адам жетектеп келеді. Ат үстіндегі бала да, ер адам да ұлттық киім киген. Бұл сәтте музыканың даусы қатты шығып тұр. Жылқы әлденеден үркігендей зал ішінде шаба жөнелді.

Қонақтар қорқып, шуласа кетті. Абырой болғанда ат үстіндегі бала ұстамдылық танытып, аттан құлаған жоқ. Үлкендер жағы жылқыны қоршап, жетекке алды.

Көпшілікті айтуынша, жылқы музыка мен мейрамхана ішіне үйреніспегендіктен үркіп кеткен. Желі қолданушылары той иелерін сынға алды.

Талқылау