Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала емес, тонаушылар: Талдықорғанда жылы аялдаманы бүлдірген оқушылар іздестіріліп жатыр (видео)

Талдықорғанда әкімдік қызметкерлері қала аудандарының біріндегі жылы аялдаманы зақымдаған оқушыларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Бала емес, тонаушылар: Талдықорғанда жылы аялдаманы бүлдірген оқушылар іздестіріліп жатыр (видео)

Болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда көрсетілген уақытқа қарағанда, оқиға 8 қаңтардың кешінде орын алған сияқты.

«Құрметті талдықорғандықтар! Балалардың бұзақылық жасап, Самалдағы жаңа Smart аялдамада қабырғаға бекітілген 8 гаджетті қуаттауға арналған құралды жұлып жатқанын видеодан мұқият қараңыздар. Балалар емес, тонаушылар! Құрметті ата-аналар, егер бұл видеодан өз балаларыңызды танысаңыз, телефон нөмірі арқылы хабарласыңыздар. Керісінше жағдайда, құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр боламыз. 87076716170 Алма Имамовна», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Дүйсенбі, 14 Қаңтар, 2019 08:34