Бақытбек Есентаевтің ісіне белгілі продюсерді зорлады деген айып қосылды

Сейсенбі, 6 Қыркүйек , 2016 9:45

Баян Есентаеваның күйеуі әйелін өлтірмек болғаны үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін де жауапқа тартылып отыр.

баян

Бұл туралы “Время” басылымы  жазды.

Оқиғаның  көпшілікке белгісіз жай-жапсарын сайтқа Алматы облыстық прокуратурасы хабарлаған.

«Өзінің көлігінде Бақытбек Есентаев жұбайын алдымен зорлаған, содан кейін төрт жерден  пышақтаған»,-деп прокуратурадағылар сотқа дейінгі тергеу кезінде тіркелген мәліметтерді жайып салды.

Прокурорлардың болжамынша, Бақытбек Есентаев кемінде 12 жылға бас бостандығынан айрылады.

«Осы жасаған қылмыстары үшін оған кемінде 12 жыл бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр», — деп жазылған мақалада.

Бұдан бөлек, Баян Есентаева күйеуін ешқашан кешірмейтінін мәлімдеген. Белгілі продюсер тергеушілерден оны барынша қатаң жазаға тартуды сұрады.

Ал, Баян Есентаеваны соққыға жығу ісі сотта жабық режимде қаралады.

«Бұл істі  айуандықпен қылмыс жасалған жердегі Талғар аудандық соты емес, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған Алматы облыстық соты қарайды. Отырыстардың барлығы жабық есік жағдайында өткізіледі»,-делінген материалда.

Естеріңізде болса, Баян Есентаеваны неліктен күйеуі соққыға жыққаны жайында Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы, Бекболат Жексейітов айтып берген еді.  Оның сөзінше, Есентаеваның күйеуі бұл әрекетке отбасын сақтап қалу үшін барған, әрі ол өзінің бұл әрекеті үшін өкінеді. Бақытбек Есентаев уақытша тергеу изоляторында жатқандықтан, оның Баянмен байланысқа шығып, одан кешірім сұрауға мүмкіндігі жоқ екен.

Есте болса, Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Кейін продюсерді ауыр жарақаттаған күйеуі оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің алдын ала болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар