Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Шадаева: Немереммен бірге қабылдаса тұрмысқа шығуға дайынмын

Ұзақ уақыттан бері көрермен көзінен тасада болған әнші Бақыт Шадаева сахнаға қайта оралмақ. Қазір ол бұл жолда аянбай еңбек етіп жатыр.

шадаева-030317

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.

“Сахнаға оралуға әрекет жасап жатырмын. Көп жылдар бойы баламен отырдым, одан кейін балаларды тәрбиелеп, оқушылармен біраз жұмыс істедім. Біраз мұғалім де болдым. Енді өзімнің өнерімді әрі қарай жалғастыруыма дайынмын. 1-2 жылдан кейін 30 жылдық шығармашылық кешім болады”, – дейді Шадаева.

Жасы 50-ге жақындаған әнші жеке өмірі туралы да ағынан жарылып сөйледі. Немерелі болып әже атанса да Шадаева тағы да бір рет тұрмыс құруға қарсы еместігін жеткізді.

“Егер де менің өмірімде кереметтей жігіт пайда болып, екі қызымды, немеремді, туған-туысқандарымның бәрін қабылдаса, одан бөлек, менің өнерімді түсіне білетін болса, әрине дайынмын. Бірақ ондай адамды әлі кездестірген жоқпын”, – деп түсіндірді ол.

Иә, Шадаеваның ер азаматтарға қояр талабы таудай болып шықты. Әнші таңдаған азаматының түр-сымбатына қарайтынын да жасырмады.

“Әдемі, сүйкімді жігіт кімге ұнамайды? Маған да ұнайды. Өзіме ұқсаған жігіт болса, мен қабылдар едім”, – дейді ол.

Әншінің айтуынша, көптеген ер азаматтар оның суық түрінен қашады.

“Негізі жігіттер көп қой, жақындайтын, жақсы сөз айтатын. Адамға үлкен құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан менің ойымша қырындаған адамның өзі байқайды. Өзімді қатты ұстаймын, қатты жақындатпауға тырысамын.

Менің суық түрімді көріп жақындауға қорқады. Бірақ мен өте нәзік жанмын негізінде. Сол нәзіктігімді көрсетіп қалудан қорқамын”, – деп түйіндеді Шадаева.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек анасының жолын қуып бағдарлама тізгінін ұстады (видео)

Қайрат Нұртастың “тозаққа баратын 10 мың теңге” туралы әңгімесі жұртты тәнті етті

Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Талқылау