Бахрейнде жоғалып кеткен жерлесімізге қатысты жаңа ақпарат шықты

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 21:44

Бахрейнде жоғалып кеткен жерлесімізге қатысты жаңа ақпарат шықты,-деп жазды КТК арнасы.

қыз

Бүгін Тагина Хайтметованың анасына бейтаныс бойжеткеннен  «WhatsApp» арқылы аудиохабарлама келіпті. Байланысқа шыққан отандасымыз да қазір Бахрейнде жүр екен.

«Мен мына жаққа бір ай бұрын келдім, менің құжатымды тартып алып, қонақ үйде жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатыр. Ақшамды да алып қойды. Туыстарым мені жоғалды деп арыз береді. Бірақ мен жоғалған жоқпын, байланыстамын. Тек ешқайда шыға алмай, қапаста отырмын. Үш апта болды, тек бір қонақ үйден екіншісіне алып барады. Олардың атауларын білемін, сіздің қызыңыз солардың бірінде»,-деген аудио жазба авторыөз сөзінде.

Аудиожазбаның авторы Тагина Хайтметованың жоғалып кеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіпті. Ол да Бахрейнге табыс табамын деп барып, соңында күңге айналған. Айтуанша, Бахрейнде қазақстандық қыздарды жұмысқа орналастырамыз деп алдап шақырып, кейін   жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін агенттік бар екен.

24 жастағы Тагинаны да дәл сол ұйым ұстап отыруы мүмкін дейді ол. Естеріңізге салсақ, астаналық Тагина Хайтметова Бахрейнге жұмыс іздеп барып, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Қыздан 29-шы шілдеден бері хабар жоқ. Қазір оны еліміздің дипломаттары да іздестіруде.

Оқи отырыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

Той серуенінде тікұшақпен жүріп елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екені белгілі болды

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар