Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бақай” тобы кезінде хит болған “Кім кінәлі?” әнін жаңа нұсқада ұсынбақ

«Бақай» тобы халықты тағы бір шулатып, 2000-ыншы жылдары хитке айналған әніне жаңа дем бермек. Бұл жолы ән қандай форматта болады? Оның сөздері өзгеріске ұшырауы мүмкін бе?

Hit-Tv арнасының хабарлауынша, “Бақай” тобының “Кім кінәлі” әні енді басқаша нұсқамен тыңдарманға жол тартпақ. Есте болса, бұл ән 2000 жылдары хит болған еді. Ел арасында кеңінен тарап кетсе де, ақ қайыңның қасында кездескен қыз бен жігіттің хикаясы көп сыналған еді.

“Көп сыналды, шалыстар, көреалмаушылықтар көп болды. Әрине, ондай болу керек. Сынды көтере білу керек деп ойлаймын. Әр нәрсе өз заманында болғаны дұрыс. Біреулер айтып жатады, сендер заманынан ерте шығып кеттіңдер деп”, – дейді “Бақай” тобының негізін қалаушы Бек Шәріп.

Көп сыналғанымен, бұл әннің хит-парадтарда алдыңғы орындарда тұрғанын жасыруға болмас.

“Біздің ең басты паспортымыз “Кім кінәлі?” деген ән”, – дейді Бек Шәріп.

Бек Шәріптің айтуынша, аталған ән әлі күнге дейін мазмұны мен мағынасын жоғалтпаған. Сондықтан да оған жаңа дем беруді ұйғарғанын айтты әнші.

“Біз оны қайта жаңартып жазып жатырмыз. Өйткені баяғы ән, оның аранжировкасы басқа, стилі ескірді. Мүмкін тыңдармандарымыз әлі де тыңдағысы келеді деген үмітпен”, – дейді топтың негізін қалаушы.

Жіберіп алмаңыз:

Шахизада бір күнде үш бейнебаянның тұсауын кесіп, әріптестерін шаң қаптырмақ

Төреғали ән кешінде жанкүйерін күзетшіден қорғап қалды (видео)

Хитке айналған “Зың-зың” әнінің авторы кім екені анықталды

Салтанат Бақаева үшінші сәбиін күтіп жүр

 

Талқылау