Бақаны тірідей жұтқан қазақ жігіті жұрттың жүрегін айнытты (видео)
Ғаламторда бақаны тірідей жұтқан жігіттің әрекеті қызу талқыланып жатыр.

Видео бір күн бұрын танымал Инстаграм парақшада жарияланды.
Оқиға Қазақстан аумағында түсірілген деген болжам бар. Онда ер адамның тірі бақаны еш қиналмай қылғыта салғаны анық көрінеді. Ал оның қасында тұрғандар өз көздеріне сенер-сенбесін білмей, таңғалысып жатыр.
Ал бас кейіпкер бұл әрекетке емдік мақсатта барып отырғанын қасындағы жолдастарының бірі түсіндіріп жатады: «Керемет бір ем бар екен, асқазанды жазатын…».
Айта кетейік, видеоға адамдар алуан түрлі пікір қалдыруда. Біреулер «ем болсын» деп жатса, енді бірі «ана бақаны итке берсең жемейді» деп жиіркеніш білдіріп жатыр.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Тағы да оқыңыз:
Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі