Телеарналардан түспейтін «Вездеходтар» мәнсіз сөзбен халықты шаршатты деп сыналды

Бейсенбі, 28 Қаңтар , 2016 12:02

Теңге құлдырап, дағдарыс меңдеген әрі-сәрі уақытта ел-жұрттың еңсесін тіктеп, жабырқау жанын  жұбатуды мақсат тұта ма, әйтеуір, көгілдір экран сауық-сайран бағытына біржола бет бұрды. Бірақ, соған қарамастан теле­ар­­налар­дағы толассыз той-думан көрерменнің көңілін көтеріп, жанын рахатқа бөлеп жатыр дей қою қиын.

Бұл туралы Алматы ақшамы газеті хабарлайды.

Беделі түскен бенефис

Арнадан-арнаға ауы­сып, көшіп жүрген көп әнші, нөпір күлдіргіш қауым қайта жұртты әбден жалықтыра баста­ғандай. Бұған, әсіресе, таяудағы жаңажылдық мереке күндері көзіміз жете түсті. Қай телеарнаға ауыс­тырсақ та – көк көйлегі көлбеңдеп, белі бұраң­даған сол оншақты «жұлдыз», аты-жөні ар­қылы айырмаса, түрінен де, дау­сынан да, әнінен де кім екенін білу қиын топтар (триолар, квартеттер), былтырғы қалжыңын биыл қайталап, ана студиядан мына павильонға безектеп жүрген әзілкештер… Ондай мерекелік бағдарламаларға, концерттерге, сықақ кештеріне әншілерді қандай кри­терийлер бойынша таңдап-талғап шақыра­тыны бізге белгісіз, бірақ, байқағанымыз – қай арна­ның да эфирінен түс­пейтін «вездеходтар» мен «фигаро­лар» жетіп-артылады екен.

593Fnt7pfPciY2wW2lcd1vl02rftwW

Есесіне, сахнаның киесін ұғатын, қасиетін білетін, бірер күндік әләулайдың әсеріне елтімей, асқақ өнерге адалдығын сақтауға тырысып жүрген жақсы әншілер жыл сайын назардан тыс қалып жатады. Тек мерекелік түсі­рілімдер ғана емес-ау, олар жалпы теледидарға көп шақырыла бермейтін секілді. Арна басшы­лары мен ондағы музыка саяса­тын жүргізетін редакторлар кілең жастардың көңілінен шығуға тырыса ма, әлде өнерге деген талғам-талабының бар деңгейі сол ма, әйтеуір жаңажылдық концерт­тердің ешбірінде домбыра үні естілген жоқ. Дәстүрлі әншілер «Алматы» арнасындағы «Інжу-маржан» бағдарламасында ғана бас қосты. «Қазақстан» ұлттық арнасының өзі ән өнеріміздің мұңын мұңдап, мұқтажын айта­тын «Телқоңырды» мүлде жауып тынған соң, басқасынан не сұрауға болады?

Бұрын кеңес дәуірінде аптасына бір рет көрсетілетін «Терме» деген телехабар болушы еді. Әскербек Еңкебаев жүргізетін, студияға қонақ болып Қаламқас Орашева, Қатимолла Бердіғалиев, Аяз Бетбаев тәрізді мәдениет майталмандары келіп, өнер төңі­ре­гінде  әсерлі  әңгіме өрбітетін, талай терме мен жырдың тиегі ағыты­латын. Тәуелсіз ел атан­ғаны­мызға биыл ширек ғасыр болғалы тұр, ал біз көп мәселеде алға жылжудың орнына кері кетіп бара жатқан сияқтымыз. Терме, жыр, дәстүрлі ән туралы арнайы бағдарлама ашпақ түгілі, өнер­паздарымызды эфирге жолатпай, жатыр­қайтын жағдайға жеттік. Әспеттейтініміз – тек эстрада «жұлдыздары». Олардың ішінде де талай талантты әншілер бар ғой, бірақ, біздің телевизия солардың ең сорақыла­рын (әлде, өлермен-пысықтарын) сұрыптап алып, «заманымыздың бұлбұлдары – осылар, қане, там­са­ныңдар, таңданыңдар, табы­ның­дар!» деп, өз таңдауын байғұс көрерменнің танымына зорлап таңады.

661b0676fe96595f44c86d2536d1ca1b_XL

Өнердің белгілі бір саласында біраз уақыт елеулі еңбек етіп, ерекше қолтаңба қалыптастырған сайыпқыран саңлақтар­дың шы­ғар­машылық белесін, ел алдында есеп берер тойын «бенефис» деуші еді. Қазір сөздердің де, ұғым­дардың да мағынасы өзгеріп, мәні кеміп барады ғой. «Бенефис» сөзінің беделін түсірген – «Хабар» арнасындағы «Бенефис-шоу». Кемсіткендік, көпсінгендік емес, Алмас Кішкенбаевтың, Заттыбек Көпбосыновтың, Мөлдір Әуел­беко­ваның және тағы басқалар­дың қазақ өнеріне қандай еңбегі сіңіп үлгеріпті? Бенефис жасай­тындай деңгейге жетісіп қалып па? Рас, оларды бағдарлама ав­тор­лары шақырды, ұсыныс айтты, бірақ, өз мүмкіндігін білетін, өнерге адал, сахнаның киесінен қаймығатын адам «мен осындай қошемет-қолпашқа лайықпын ба?» деп бір сәт ойлануға, өзіне-өзі есеп беруге тиісті емес пе? «Бенефис-шоудың» ұйым­дас­тыру­­шылары да: «Кім көрінгенді шақыра бастаған жоқпыз ба осы?» – деп ойлан­байды екен тіпті. Шақырса, өнердің басқа салаларында да мықтылар аз емес қой. Әлде бенефис деген тек әншіге «байланып» қалған ұғым ба?..

Тәлімгерлердің өзіне бір-бір ұстаз керек

«Қазақстан дауысы» деген жобаның жүріп жатқанына да екі-үш жыл болды. Бұл да – әнге қатысты бағдарлама. Бұрын бала­лар «инженер боламыз», «заңгер боламыз», «ғарышкер боламыз» деп армандаса, қазіргі жеткін­шектер «а» деп тілі шыққаннан әнші болуға ұмтылады. Бұ күнде ең абыройлы да ақшалы қызмет – әншілік, бүгінгі заманның басты қаһармандары – эстрада әнші­лері. Даусың жоқ па – компьютер бар, түр-келбетің келіспей ме – визажист бар, «ң»-ға тілің келмейді, «ш»-ны «с» ғып айтасың ба – ештеңе етпейді, «ондай-ондай ханның қызында да болады», қазір ол дыбыстарды тележурналис­тердің өздері жетістіріп жүрген жоқ. Бастысы, ұмтылыс бар, ақша бар – тек қана алға! «Что делать мо­лодому человеку, если у него таланта нет, а денег навалом? Петь!» деп Аркадий Райкин бая­ғыда-ақ дәл тауып айтқан екен.

Жарайды, «Қазақстан дауысы» ел арасынан талантты ұл-қыздарды іздеп тауып, тәрбиелеуді мақсат тұтады екен. Ал сол балаларға бағыт нұсқап, жол көрсететін тәлімгерлерді дұрыс таңдасақ қайтеді тым болмаса? Аталған жобаның Ресейдегі нұсқасы – «Голоста» төрелік етіп отырғандардың кәсіби деңгейі мен біздің қазылардың дәрежесін салыстыра алмаймыз. Бір ғана Александр Градскийдің өзі неге тұрады? Ал қазақ көрермені біздің төрт жюридің төрт әнін жатқа біле ме? Қайдам. Демек, әуелі сарап­шыларды сараптан өткізу керек еді. Қайта Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Албан, Рүстем Нұржігіттердің өздеріне бір-бір тәлімгер керек емес пе? «Шіркін-ай, бұлардың орнында Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Беспаев, Жұбаныш Жексенұлы немесе осылар деңгейлес дүлдүл әншілер отырса қандай ғажап болар еді!» деген ойға қаласыз. Тәлімгер атану үшін де сахнада талай жыл тер төгу керек шығар-ау? Жас буынға дұрыс бағыт сілтеп, ақыл-кеңес беріп, тәрбиелеу үшін де ол адам қазақтың ән өнерінде өзіндік орны бар тұлға болуға тиіс қой…

790e2b3b0519207e840d1b08b9570707_1

Тәлімгер сауатты болса, жас талапкерлер де оң тәрбие алар еді. Біздің қазіргі қазыларымыз қазақы бағытта, ұлттық нақышта айтатын талапкерлерден гөрі, ағылшынша айтуға құмар, сосын артық айқай-ұйқайы көп жөнсіз бақырғыш балаларды қолдай береді. Бірде Қытайдан келген Бекарыс Жұмабекұлы деген бала «Айттым сәлем, Қаламқасты» сызылта шырқады. Ешқандай эстрадалық өңдеумен бұзбаған, тарсыл-гүрсілі жоқ, тек виолон­чельдің бір қалыпты үні ғана әуенді баяу сүйемелдеп тұрды. Көрерменнің қошеметі айрықша болды, алайда, теріс қараған тәлімгерлердің бірде-біреуі тырп еткен жоқ. «Маған мүлде ұнама­ды» деп салды тіпті М.Сәдуақа­сова. Сөйтіп, болашақ бір қазақы әншінің бағы байланды.

«Нағыз өнердің насихаты жоқ»

Қазақ эстрадасы бірсарынды­лыққа ұрынып барады. Радионы ашып қалсаң да, теледидарды қосып қалсаң да, еститінің – инкубатордан шыққан балапан­дарша бір-бірінен аумай қалған әндер. Егер жүргізуші алдын ала хабарламаса, барлығы кезектесіп бір ғана композитордың әндерін шырқап жатыр екен деп ойлап қалғандайсыз. Бүгінгі авторлар саздылық (мелодичность), әуенді­лік (напевность), әуезділік (бла­гозвуч­ность) секілді ұғымдарды түгел жиыстырып қойып, не сызылып-сыздап айтатын, не ышқынып-қышқырып орын­дайтын әнсымақтарды, «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» дегендей, бытыраша бытырлатып жатыр. Шарықтай басталып, лезде бәсең екпінге түсетін, артынша қалт кідіріп, шалт бұрылатын, оқыс қайта өрлей жөнелетін қайырым-иірімдері көп әндер қазір тіпті азайып кетті.

– Бізде қазір нағыз өнердің насихаты жоқ, – дейді ән өнері­міздің бүгінгі ақсақалы Нұрғали Нүсіпжанов. – Балалар теледи­дардан не көрсе, соны дұрыс деп қабылдайтын сияқты. Радио және телеарналарда бағдарлама­ларды сараптау, әндерді сұрыптау жоқ. Жақсы мен жаманды ажы­рату деген қалған. Ең өкініштісі де осы. Теледидардың мың-миллион­даған аудиториясы бар, ал сол аудито­рияға арналарымыз не көрсетіп, не тыңдатып отыр? Кейде не болса соны айтып, қолдарына не түссе, соны көрсетіп жатқандарына қарап, қарным ашады. Әлде сондай былжырақ­тардың авторлары бір­деңе төлей ме екен, білмеймін. Халыққа ұсынатындай сапалы дү­ние ме, рухани азық болатындай тәр­биелік мәні бар нәрсе ме, жалпы құндылығы қандай – ешкім қарамай­тын секілді. Теле және радиоэфирден ең ұлық, нағыз эталон дерлік туын­дылар берілуі керек. Көпшілікті тәрбиелейтін де, шынайы өнердің қандай таза, қандай асқақ екенін дәлелдейтін де, сөйтіп, халықтың талғамын биік­тететін де – сондай нәрлі әндер. Өкінішке қарай, қазіргі теледидар мен радиодан ондай әндер тыңдау мүмкін болмай барады…

Расында да, талғам төмендеп кетті, талап әлсіреді. Бұған біздің электронды БАҚ – радио мен теледидар да көп «еңбек» сіңіріп жатыр. Табаққа сүт құйып, мысықты шақырғандай «Кс-кс, чик-чикке» басып, немесе тауық­қа жем шашқандай «Чип-чип» деп шиқылдаумен-ақ әнші ата­нып жүргендер бар. Жер бетіндегі ешбір халық түсінбейтін, ерекше «сайлаубек тілінде» ғана ән айтатын жігіттер шықты. Қазақта ән құрып қалғандай, қырғыздан, өзбектен, үндіден, түріктен, гректен ән ұрлап, сөзін қазақ­шалап айтып, «жұлдыз» боп жат­қандар да аз емес. «Тойға өтсе болды» деп, шығыстық стильде арзанқол өңдеу жасатып алып, не болса соны ән қылатындар көбейді. Және сол «тойда өтке­ніне» тоба қылып, тыныш жүрсе мейлі ғой, әлгі әнсымағын сосын үлкен сахнаға, телеэфирге алып шығатынын қайтерсіз!..

Бәлкім, қазір телеэфиріңіздің де той залынан айнымай қалғаны содан болар…

Сәкен Сыбанбай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

119
Комментариев

Пікір қалдыру


галымжан н.и
6 ай 14 күні кері

100 % Сакенге косылам чип чип пих пихтарга колына таяк берип койга салу керек олар жулдыз емес лай су киели сахнаны кор кылып жур уялмаган анши дегендей осыларды тындайтындарга тан калам значит ореси томен деген соз

Жұмбақ жан
10 ай 28 күні кері

Өте дұрыс айттыңыз. Менде Бенефисти ойлап жур едим. Уйымдастырушылар кишкене ойланбай ма екен деп. Осылай сыбап сыбап айтатын кісі керек. Тагы осыныңызды газет журнал тв-дан айта беріңіз. Ойлансын біразы.

Жұмбақ жан
11 ай 13 күні кері

Автордың жазғанын толықтай қолдаймын. Айтпаса сөздің атасы өледі өте орынды мəселе. Осы тілек ойларымыз белгілі біреулерге жетіп, киелі сахна, телеарна, радио мəселесін жоғары деңгейге көтерілсе, нағыз жұлдызды жанбай жатып сөндірмесе екен. Əлде де кеш емес “Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқасын”.

Жұмбақ жан
11 ай 11 күні кері

Неге жумбак жан болып талкылауга косылып жатырсыздар?Неден коркасыздар.Сакеннин котерген проблемасы коптин конилинде журген еди.Сакен баскаларга уксап атынды жасырмай ашык жазганына рахмет.

Жұмбақ жан
11 ай 13 күні кері

Той мен киели сахнаны араластырып койды, казирги аншилердин жеткен жетистиктери. Той ол той болу керек, той анинин де тарбиелик мани бар, ал концерт ол онер ретинде каралу керек. Расында да, той анин сахнада айтып турганда корип отырасын, тойга арналып жазылган ан екенин, бир саты томен екенин. Концерт денгейинин ани, мысалы Алия. Аншинин диапазонын, даусын корсететин ан! Ал казирги билгиштер осылайша халыктын талгамын тусирип, санасын улап жатыр

Жұмбақ жан
11 ай 13 күні кері

Оте дурыс маселе. Идеологиянын жоктыгы бари де

Жұмбақ жан
11 ай 15 күні кері

Автор сизге Рахмет , оте дурыс жазгансыз!!!

Жұмбақ жан
11 ай 15 күні кері

Дурыс жазыпсыз, Кишкенбаев отыратын орын емес, Ози кеше келген сахнага, озине талимгер керек!!!

Жұмбақ жан
11 ай 16 күні кері

Өте дұрыс айтылган.Акшан болса калтанда ,талданда да талтанданын заманы болды ғой.

Жұмбақ жан
11 ай 17 күні кері

Дурыс козгалган маселе. Рахмет. Ия казирги казак эстрада андерин тындап эстрада аншилерине караганша. Тилин тусинбейтин шет оленин тындап отырган жаксыма деп те ойлаймын. Казакылык, карапайымдылык калып барады. Одан гори кыска койлек ки|п шошандап билеп, магынасы, уйкасы жок дурсилдек ан айтып жургендерди багалау басым болдыгой. Ризамын анин алсакта сози магыналы сиякты. Бирак дирилдейдиси коп андерди тындап дирилдеп журмизгой. Маскара.

Аниматор-Қазақ
11 ай 17 күні кері

Сәке, көп жасап, өркеніңіз өссін!
“Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін”, “Ит жоқта, шошқа үреді”, “Қыраны жойылған далада құзғын қаптап кетеді” – деген осы да…
Қасиетті, киелі сахналарды, көгілдір экранды қор қылып, халықтың санасын улап жатыр. Мәдениетімізді көтереміз десек, сондайларды эфирге, сахнаға, БАҚ-қа жіберетіндерді жазалап, аластау керек!!!

1 2 3 11
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар