БАҚ: Қазақстан «шейх Халилды» елге қайтармақшы

Дүйсенбі, 23 Мамыр , 2016 12:47

 Қазақстан Сауд Арабиясынан белгілі  дін таратушы  Абдухалил Абдужаббаровты  отанына қайтаруды сұраған. Ол  өз дініндегі азаматтарға  «шейх Халил» есімімен танымал,-деп жазады «Ферғана.Ру».

діншіллл

 

Басылым Астана Абдужаббаровты дәстүрлі дінге ұқсамайтын, радикалдық ағымды насихаттады деген айып таққанын жазады. Бұл азамат негізінен өзінің үгіт-насихат жұмыстарын Қазақстанның батыс өңірлерінде жүргізген.

Бейресми ақпараттарғ сай  «шейх Халил» Медине қаласында 2015 жылы,20 желтоқсанда ұсатлған. Тұтқынға алынған кезде оның жанында 4 қазақ, 1 орыс барлығы бес Қазақстан азаматы болған. Қазірге  оған тағылып отырған айып белгісіз. Қазақстан ҰҚК қызметкерлері  Абдужаббаровтың туыстарына оны жақын күндері Қазақстанға қайтаратындарын айтқан. ҰҚК қызметкерлері шетелде тұтқында жатқан азаматтың туыстарынан оның «ваххабизмді насихаттауға» араласқан деп куәгерлік жасауды талап еткен деп жазады басылым.

Агенттік өз мақаласында «шейх Халил»  Қазақстан жастары арасында өте танымал азамат деп жазады.

Абдухалил Абдужаббаров («шейх Халил)

Абдухалил Абдужаббаров 1975 жылы ОҚО-дағы Сайрам ауданында өзбек отбасында дүниеге келген. Ислам діні бойынша өңірлік мешіттердің бірінен білім алған. 1999 жылы Исламабадтағы  ислам университетін бітірген. Қазақстанға оралғаннан кейін Шымкенттегі  Қазақстан-кувейттік университетінде сабақ берген. ЖОО-ны  Кувейт әлеуметтік реформа қоғамы қаржыландырып отырған.

Ол Атырауда кейіннен Оралда тұрған. БАҚ-та бұл азамат осы өңірде  салафиттік  ағымды насихаттаған деп айтылған. Ақпарат бойынша Қазақстан билігі «шейх Халилды» елге алдыру үшін барын салып жатқан көрінеді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар