Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді

Ақтөбе тұрғыны отбасымен бірге жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын «Тілшіге» айтып берді. Қаланың іргесіндегі ауылдардың бірінде тұрған ол үнемі отбасы мүшелерінің мазасы қашып жүргенін жеткізді.

«Рас, тұрған үйіміз ескі болды. Біз оны жалдап тұрдық. Бізбен бірге тұратын студент құда баламыз үйге кіруден шошып, үлкендер келгенше далада күтіп отырған. Сөйтсек, үйдің ішінде оны бір елес мазалайтын болса керек. Тағы бірде, сырттағы әжетхананың жанынан кішкентай баласы бар әйел бейнесі кетпей қойды. Өз үйімізден өзіміз қорқа бастадық», — деді жасы 20-21 жас шамасындағы ақтөбелік, деп хабалайды Тілші.

Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген ол ата-анасымен бірге ауылға көшіп кеткенін айтады. Көшеде жын кіріп кеткен адамдарды бірден байқайтынын алға тартады. Жасы біразға келген адамдар баланың тілімен сөйлейді. Немесе, дауысы гүжірейіп шығатын үлкен ер азаматтардың әйел дауысымен сандырақтайтын болса керек. «Ондай кезде «ішіне жын кірген екен ғой» деп жүре беретін халге жеттім» дейді тұрғын.

«Ақтөбенің ескі бөлігіндегі үйлердің бірінде де жындар жиі кезігеді. Өз басым студент қыздың бойынан жынды шығардым. Үнемі шыңғырып айқайлап жатады екен. Дем салып, жынын шығарамын. Қасымызда жүрген қыздар мен жігіттер біледі. Жын кірген сәтте олар басқа бөлмелерге қашып кеткен. Ең болмағанда екі-үш жігіт келіп, көмектессе дейсің ғой. Өйткені, бойында жыны бар адам әл бермейді. Анау-мынау ер адамдарды жерге атып ұрады. 4-5 еркек жабылғанда әлдері жетпей жатады», — дейді Ақтөбенің тұрғыны «Тілшіге» берген сұхбатында.

Әлгі бойжеткеннің бойынан жынын шығарып берген соң, жағдайдың қалай болғанын да сұрастырса керек.

«Қыздың айтуынша, көзі көрмей қалады, су қараңғы жерге қара киім киген жындар бірінен соң бірі кіріп, қатарымызға қосыласың деп қорқытатын сияқты. Қол-аяғынан жабылып ұстап алып, сілікпесін шығарады екен. «Әйтпесе, өлтіреміз» деп қылғындырады. Адам сол кезде жан дауысы шығып, айқайлай бастайды. Күші де еселенеді. Менің түсінігімде дем салу — құран сүрелерін оқып, жындарды қайтару. Жындар лас жерде жүреді. Үйде құран болса, оны жоғарыға алып қоюдың қажеті жоқ. Үнемі оқып жүру керек. Жындар құран оқылатын жерде аз болады немесе мүлдем болмайды», — дейді жігіт.

Бүгінде әңгімелесушіміз ауылда баспана жалдап тұрады. Әрдайым қолынан құран тастамай, сүрелер оқып жүретінін айтады.

Тағы да оқыңыз:

Адамдардың ішіне жын кіріп кеткенін қалай анықтауға болады?

Ішіне жын кірген: Тойда “жын ұрғандай” билеген әйелдің ерсі әрекеті елді шошытты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар