Бахтияр Артаев шапанды жалаңаш киген жігіт жайлы: Головкин қазақтың шапанын көкке көтеріп жүрсе, мына жігіт санасыздығын көрсетті

Тағы да шешінді. Бұл жолы бойжеткендер емес, тепсе темір үзетін апталдай азаматтар! Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік  желіде жалаңаш шапанды жартылай шапсырған қазақ жігітінің суреті тарады! Сол-ақ, екен әлеуметтік желі ұлардай шулап қоя берді! 

Енді қайтсін! Бойжеткендердің шешінгендеріне етіміз үйреніп кетті! Ал, жігіттердің жалаңаштанғаны, қай сасқаны? Сорақысы, танымалдылыққа ие болу үшін ұлттық құндылықтарды да таптаудан тайынбағандардың сөзін сөйлейтіндер бар болып шықты! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Ұлттық киімдерді күнделікті тұрмыста кимейтін болғалы қашан, тек наурыз я басқа мерекелерде ғана сандықтан шығаратын жайымыз бар. Болмаса қонақ келсе я шенеунік лауазым ауыстырғанда ғана иығына жабылатын жоралғыға айналып барады. Біз кимеген соң, хайп құмар жастар киіп алды. Тек, жалаңаш тәніне. Бірі шапанмен шулатса, екіншісі ақ денесіне сәукеле сұлулық береді деп тапса керек!»

Қызды қырық ру болып тыя алмай жүргенде жігіт шықты. 
Желіні шулатқан модель бала осы. Оны іздеп табу бізге оңайға түспеді. Есімі - Айсұлтан. Жасы  - 19-да. Колледж студенті.  Айтуынша халық арасында у-шу тудырған мына фотоға  әдейі түскен. Өйткені...

«Менің  айқын мақсатым болғанын жасырмаймын. Ұлттық киімде суретке түсу өзге елде әлдеқайда дамыған.  Мұны біздің менталитетке протест ретінде түскенімді жасырмаймын. Шыны керек, шапанды біз тек 22-ші  наурызда болмаса, тойға сый-сияпат беретін кезде еске түсіреміз. Ал басқа күндері ол шаң басып жатады. Неге біз оны  басқаша насихаттамаймыз?», - дейді Айсұлтан.

Десе де  желі қолданушылары  денесіне шапан жапқан жігітті жерден алып жерге салуда. Ал кейбір қоғам белсенділері оны заң алдында жауапқа тарту керек дейді. Өйткені көрші Қырғызстанда ұлттық киімді анайы сипатта қолданғандар жазаланады екен.  

"Бізде сәукеле болсын, шапан болсын. Ол ұлттық деңгейдегі болмысымыз. Жартылай  жалаңштап киюге, қыздарымыз жалаңштап сәукелемізді пайдалануға мен қарсымын. Жалпы ұлттық тәрбие болу керек. Егерде Қазақстанда идеология жақсы жұмыс істесе, мүндай әрекетке бармайтын еді. Хайп жасамайтын еді. Өкінішке орай бізде идеология дұрыс жұмыс істемейді", - деді заңгер.

«Былайша айтқанда ұтымды жарнама, ұтымды хайп. Ол әрқашанда қоғамда бізде жаңағы әңгіме болады, әрқашанда ел назарында болады. Сондықтан жарнама жасауға болады. Басқалай істуге болады деген сияқты ғой. Енді дәл ұлттық киімге менің ойымша қажет емес деп ойлаймын», - дейді жалаңаш киіммен сахнаға шығып танылған Данагүл Тасова.
Осылайша апталдай қазақ жгітінің жалаңаш суреті ер азаматтардың да қытығына, керек десең намысына тигендей. Шапанның талайын киген тарланның бірі Бақтияр Артаев. Айтуынша ұлттық киім ол шүберек қана емес, онда халықтың болмысы, мінезі, рухы жатыр. 

«Геннадий Головкин шапан жауып жүрсе, Қанат Ислам қазақ деген лақап атпен шығып жатыр!Жәнібек бүкіл әлемге қазақ стайл деп танытып жатыр бүкіл әлемге. Қазіргі таңда жігіттердің барлығы ұсақталып кетті... сондай азаматтардың бірі басы жеткен сол шығар шапан киіп жалаңаш болып тұр ғой. Қандай оймен түскенін білмеймін, санасыз екенін көрсетті», - деді Бахтияр Артаев. 
Дегенмен танымал отандық дизайнер Айжан Жүсіп айтылған пікірлермен еш келіскісі жоқ. Керісінше, «Айсұлтан шетелдіктерге біздің ұлттық киімдерімізді танытатын жақсы жарнама жасады», - дейді.  

«Бұл да тұрған ештеме жоқ. Өйткені бұл жігіт жалаңаш тұрған жоқ. Татурировка, өнері арт ретінде қабылдап тұрған шығар. Қолында сағат бар соны жасағысы келген шығар. Ал шетелдіктер ойбай жалаңаш шығыпты деп ешқашан шуылдамайды. Олар қарайды қандай сымбатты жігіт!Қазақтар әдемі екен деп қоя салады». 
Жарнама пиар болсын, ұлттық киім дәстүр бойынша жоғарыда ілініп тұру керек, дейді кәсіпкер Бахаргүл Төлегенқызы. Сондықтан да кез келген азамат оны  қастерлеп, құрметтеу қажет!", - деді дизайнер Айжан Жүсіп. 

«Жағалы киім дәстүріміз бойынша ілініп тұрады... Әзіргі жастарымыз қадірін білмей, тіпті шапанды бала жастан қалай кию дәстүрлі түрде келген қонаққа жабу керек. ..Қазіргі ұрпақ біліп өсу керек». 

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтынын білсе екен, қазіргі өскелең ұрпақ дейді, - қоғам белсенділері. Бүгін денесін жалаңаштап жаза басқанында тұрған түк жоқ, егер ертең қоғамның шынайы түйткілдерін ашып айта алса деп отыр. Себебі селт еткізерлік сәттер өткінші. Хайп соның бірі. Ол үрдіс. Бүгін бар, ертең жоқ", - дейді кәсіпкер Бахаргүл Төлегенқызы. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр