Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдрайымов су жаңа көлігіне сүйінші сұрады

“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдрайымов су жаңа көлігін көрсетіп, сүйінші сұрады.

13671149_1763135813933928_943576206_n

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдрайымов көптен бері өзін ұйқыдан айырған “махаббатын” көрсетті. Ол аңсап жүрген BMW көлігіне қол жеткізгенін айтып, мақтанып алды.

“Бір-бірімізді таптық. Одан бас тарта алмадым”, – дейді әнші.

Бұл хабарды естігендердің бірі суреттегі әншіні Рональдуға ұқсатып жатты. Екіншілері қуанышына ортақтасып құттықтауға асықты.

“Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз”, “Құтты болсын, ғашығым, жаным”, “Алла жар болсын! Ақ жол сізге”, “Тұлпарың құтты болсын, айналайын” дейді олар. Арасында әншінің сүйінші сұрағанын мақтаншақтыққа балағандар да табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Хирургтер “Жігіттер” квартетінің мүшесі Бағланның қолын кесіп тастамақ болған

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар есімі жайлы қызықты дерекпен бөлісті

Әбдрайымов пен Айбасов боксшы Қанат Исламнан сабақ алды (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Талқылау