Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов: Адам қиналған кезде барлық нәрседен үміт күтеді (фото, видео)

Араға жеті жыл салып екінші мәрте әке атанған Бағлан Әбдірайымов, бүгін бөбегін перзентханадан шығарып алды. Сәбидің салмағы 3 жарым келі, бойы 57 сантиметр. Қос қыздың әкесі атанған әншінің тұңғышы Айқаракөз есімді бұрымды. Ал, жаңа туған нәрестені халықтың қалауымен Айадина деп атапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов: Адам қиналған кезде барлық нәрседен үміт күтеді (фото, видео)

«Алғашқыда Айбеке немесе Адина деген есімдердің біреуін таңдауды жөн көрдік. Айбике өзімізге ұнағанымен, көпшілік Адина есімін таңдады. Соған тоқтадық. Үлкен қызымның аты Айқаракөз ғой. Соған ұқсас болсын деп Айадина деп қойдық. Жалпы Адина жұма күні дүниеге келген қызға берілетін есім», – дейді Бағлан.

Бағлан халықтан алшақтаған емес. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын анасының дертіне қатысты инста-парақшасында жантебірентерлік жазба жазып, көпшіліктен амандығын тілеуін сұраған еді. Шарасыздық танытқан өнер иесі, басқа амалы қалмағанын айтады.

Бағлан Әбдірайымов: Адам қиналған кезде барлық нәрседен үміт күтеді (фото, видео)

«Бұл жерде мақтанатын немесе басқа дүние емес. Менің оқырмандарымның арасында да аузы дуалы, ниеті таза кісілер бар ғой. Сондықтан көптің тілеуі қабыл болар деген ниетпен салған едім. Өйткені адам қиналған кезде барлық нәрседен үміт күтеді. Сондықтан мен қазақ елімен бірге болғандықтан қунышымды да, басқа да жағдайларымды бөлісіп отырамын. », – дейді әнші.

«Жігіттер» тобының әншісі жансақтау бөлімінде жатқан анасының қазіргі жағдайы жайлы да жасырып қалған жоқ. Бүгінде дәрігерлердің жіті қадағалауындағы науқастың денсаулығы оңала бастаған сыңайлы.

Бағлан Әбдірайымов: Адам қиналған кезде барлық нәрседен үміт күтеді (фото, видео)

«Әзірге бір қалыпты. Бастапқыға қарағанда жақсы жағына қарай кішкене өзгерістер бар. Қазір жансақтау бөлімінде. Қосымша тыныс алу аппаратымен жатыр. Соңғы кездері көзін ашып, дәрігерлердің айтқанын орындап, яғни ақыл-есінен адаспағанын білдіруде. Бірақ әлі сөзге келген жоқ. Қызуы көтерілген кезде жағдайы сәл қиындап кетеді. Қызуы түссе жақсы болып қалады», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Бағланның қуанышына ортақтасып, перзантханаға өмірдегі және өнердегі достары да келген. Әріптестерінің айтуынша, анасының сырқатына қайғырып жүрген әншінің соңғы кездері жұмысқа да зауқы соқпапты.

«Алғашқыда қатты ауырып жатқан кезде көңіл-күйі жоқ болып жүрді. Оны сыртқы келбетінен де байқадық. Қазір енді анасының беті бері қарап және де дүниеге сәби келіп жатыр. Сондықтан қазіргі көңіл-күйі жақсы. Кеше ғана жағымды жаңалықтарды естіп жатырмыз. Беті бері қарап жатыр екен. Арамызға тезірек қосылса екен деп тілейміз», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау