Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат Сәмединова: Мені көңілдесінің көзінше ұрған күйеуімді кешіре алмадым

Бағдат Сәмединова 16 жыл бірге тұрған күйеуімен ажырасып кеткен. Бұған араларына түскен енесі мен бөтен әйел себеп болған екен. Әнші отағасын әлі күнге дейін кешіре алмағанын айтып жатыр.

0эъ

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

– Шыныңызды айтыңызшы, сізге өнер адамы ретінде өте қиын. Үйде тұрмайсыз деген сияқты… Қыздарыңызды қалай тәрбиеледіңіз?

– Бастапқыда үйде ата-енем болды. Кейін сіңіліме тастап кетіп жүрдім. Өзім әжемнен алған тәрбиемді балаларыма беруге тырыстым. Жаман қыз тәрбиеледім деп айта алмаймын.

– “Ол кезде ата-енеммен бірге тұратынмын. Енемнің кесірінен айырылысып кеттім” деп айтқан болатынсыз. Осы ажырасу қыздарыңызға қаншалықты әсер етті?

– Балалар әкесін жақсы көретін. Менің одан көрген қорлығым жетеді. Егер көңілімде қалатын жақсы қылықтары болатын болса, мен оны іздейтін едім. Өзі жүріп жүрген әйелдің көзінше ұрған кезі болды. Содан кейін мен кешіре алмадым. Күйеуім отбасындағы жалғыз бала болатын. Енемнің ана ретінде баласын қызғанған жағдайлары да бар. Ұлынан кейін төрт қызы болды. Барлығы бірігіп алғанда үйдегі ең жаманы мен болатынмын. Мен әбден шыдадым да кетіп қалдым. 16 жыл бірге тұрдық. Марал әкесін қатты жақсы көретін.


Жіберіп алмаңыз:

Бағдат Сәмединова қызын аяусыз ұрып, пышақтамақ болған күйеу баласы туралы айтты

Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ

Жұрт карикатура үшін соттаспақ болған Қыдырәлі Болмановтың шешімін масқаралады

Маржан Арапбаеваның кезекті образы тыңдармандарын шошытты

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Талқылау