Бағдарлама жабылсын: "Өз ойым" продюсері елдің айыптауына жауап берді
Арын сатып, ақша тапқысы келген қыздың оқиғасынан кейін, қоғам белсенділері 7-арнадан шығатын "Өз ойым" бағдарламасын жабуды талап етті. Бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы елдің айыптауына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

"Біз қоғамда бар нәрсені талқылаймыз, ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер - актриса, ал біз - театр емеспіз. Оған келе ғой деп ақша да төлемедік. Керісінше студияға келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, "сол ақшаңды мен-ақ берейін" деп жанашырлық танытты.
Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен өзін райынан қайтардық", - дейді продюсер.
Бұдан өзге, бағдарлама ұйымдастырушылары тақырыпты көрерменнің өзі таңдайтынын мәлімдеді. Айтуларына қарағанда, қазіргі көрермен салмақты, айтары бар тақырыпты қозғаған бағдарламаны көрмейді екен.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды