Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ билігі некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін украин қызын тұтқынға алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі некесіз қарым-қатынасқа барған ОАР тұрғыны мен Украина азаматшасын тұтқындады.

photo_209818

Бұл туралф BBC хабарлайды.

БАӘ билігі қыздың екіқабат екенін білгеннен кейін ол екеуін тұтқынға алған.

29 жастағы Эмлин Калвервел мен 27 жастағы Ирина Ногай қазір полиция тұтқынында отыр. Қыз құрсағының ауыратынын айтып дәрігерге барған. Дәрігер болса оның жүкті екенін біліп, бұл жағдайдан билікті хабардар еткен. Жас жігіттің анасы Линда болса оларды босатуды сұрап отыр.

ОАР сыртқы істер министрлігі олар БАӘ заңын бұзғандықтан еш көмек бере алмайтындықтарын айтып отыр. Олар қаңтар айында ұсталғанымен, бұл туралы енді ғана белгілі болған.

БАӘ заңы бойынша некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін, олар бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Сағат пен уақыт әлемі туралы таңғалдырарлық деректер (фото)

Тыржалаңаш отырған мектеп директорын суретке түсіріп алған оқушылардың басы дауға қалды

Шешенстан президентінің қызы алғаш рет өзінің сәнді топтамасын ұсынды (фото)

Үндістанда дәрігерлер қателікпен әйелді өлдіге санап оны тірідей өртеп жіберді

Талқылау