Бүкіл өмірін бір клипте көрсеткен Алмас Кішкенбаев елдің көңілін босатты (видео)
Алмас Кішкенбаев өз өмірі туралы клип түсірді. Бейнебаянда Алмас осы күнге дейін бастан өткерген оқиғалары мен жасаған жұмыстарын топтастырған. Сондай-ақ, қос қызы мен анасын да кадрға қосқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Кішкенбаевтың жаңа жұмысы “Өмірім” деп аталады. Туынды Алмастың осы күнге дейін атқарған жұмысының есебі іспетті. Клипте Алмастың бала күнгі сахнадағы бейнесі, кезінде үлкен сахнаға жол ашқан Super Star жобасынан үзінділер бар. Сондай-ақ, әнші осы уақытқа дейін түсірген бейнеклиптері мен қатысқан жобаларын да жаңа видеосына қосқан.
Бейнебаян Алмастың отбасылық суреттерімен аяқталады. Онда әншінің қос қызы мен анасы бейнеленген.
Желі қолданушылары көптен бері көрінбей кеткен әншінің қайта оралғанына қуанды. Көпшілігі Алмастың алдағы шығармашылығық жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ән мәтіні мен клип мағынасының үйлеспейтінін айтқан тыңдармандар да бар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"