Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл Қазақстанды алдаған “жалғызбасты әке” отбасын тастап кетті

Ақтөбелік азамат өзінің жетімдер үйінде тәрбиеленгені туралы жұртқа өтірік айтқан.

1479446564_img_1848

Бұл туралы “Ақтөбе Таймс” басылымы хабарлайды.

Ерлан Елубаевтың отбасын жасөспірімдерге қатысты сот комиссиясы шақырған. Бұған оның өтірігі себеп болған. Естеріңізде болса, ол 6 қазан күні үй-жайының жоқ екенін, әйелінің өзін тастап кеткенін айтқан болатын. Артынша оның жұртты алдағаны белгілі болды. Комиссия хатшысы Ботагөз Бисенова істің мән-жайын айтып берді.

Ерлан жетімдер үйінде тәрбиеленбеген. Оның үстіне 2015 жылы әкімшілік оған үй берген. Ал әйелі Жаңажолға жұмыс істеу үшін кеткен. Ерланның өзі жұмыс істеуден бас тартқан. Үш баланың әзірге кімге тиесілі екені белгісіз. Жігіттің айтуынша, Ерлан тек 2 жастағы баланың әкесі.

“Анасы комиссия мүшелеріне балаларынан алыстап кете алмайтынын айтты. Нәтижесінде ол дөңгелек жөндеу орталығынан өзіне жұмыс тапқан. Тұңғышы мектепте оқиды екен. Ал кішкенелерін тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаға орналастырдық. Ерланға кіші баланы заң жүзінде мойындау тапсырылды. Азаматтық некеде тұрып жатқан әйелімен ажырасқан жағдайда ол балаларына алимент төлейтін болады. Ерланның өзі қазіргі әйелімен бірге тұрудан бас тартып отыр. Ол басқа әйел тауып, соның үйіне көшкелі жатыр”, – дейді Ботагөз Бисенова.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада мұз құрсауында қалған қос аққу құтқарылды

Елбасы судьяларға қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес бердi

Бойжеткен несібесін арттырған екі тоқаш жайлы әңгімесін айтып берді

Ішінен бәрі көрінетін ішкиімдер жұртты шошытты (фото)

Талқылау