Бүгіннен бастап Қазақстанда жол жүру ережесі өзгерді

Қазақстанда жол жүру ережесіне өзгертулер енгізілді. Үкіметтің соңғы түзетулер енгізген 21 қазандағы қаулысы жарияланды. Жаңа ереже көлік жүргізушісіне ғана емес, велосипедшілер мен мопед жүргізушісіне де қатысты.

Жаңа ережеге сәйкес, полиция қызметкері тоқтатқан көліктің жанына дереу барып, жүргізуші талап еткен жағдайда аты-жөнін айтып, қызметтік куәлігін көрсетеді. Егер жүргізушінің жол ережесін бұзғаны арнайы құрылғылар арқылы жазылған болса, полицей сол жайлы материалды жүргізушіге көрсетуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ жүргізушілердің дәрі ішіп мас күйде жүргендерге, ауру халдегі адамдарға, өзімен бірге куәлігі жоқ адамдарға (жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік, жүргізушінің өзі екенін растайтын құжат) және жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға көлігін беруге тыйым салынады.

Өзгелерге қауіпсіз әрі кедергі келтірмейтін жағдайда көліктің артқа жүруіне болады. Алайда көше қиылысында және айналатын жолда көлікпен артқа жүруге болмайды.

4 не одан да көп жолағы бар екі бағытты жолда қарсы бетке көлікпен өтуге болмайды.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікке арналған жолақта өзге көліктердің жүруіне және тоқтауына болмайды.

Бағдаршамның қосымша секциясы бар қиылыста кері бұрылғалы тұрған көлік артында қоғамдық транспорт келе жатқан жағдайда бағыт көрсетілгені бойынша жүруі тиіс.

Жаңа ережеге сәйкес, мопедті 16 жасқа толғандар ғана жүргізе алады. Велосипедші арнайы веловипед жолы болмаған жерлерде адамдарға кедергі келтірмей тротуармен жүре алады.

Велосипедшілер жолында 7.14 тақтайшада 4.5 белгісі көрсетілсе, мопедтен басқа көліктердің тоқтауына тыйым салынады. Велосипедшілер жол бойында тек бір қатар болып жүруі керек.

Велосипед пен мопед жүргізушілеріне тыйым салынады:

Велосипедті рөлін қолымен ұстамай жүргізуіне болмайды. Тым болмағанда бір қолымен ұстауы керек;

Өзге адамдарды велосипедке мінгізіп алып жүруіне;

Ұзындығы не ені 15 см-ден асатын жүк немесе өзгелерге кедергі болатын жүк тасуына;

Велосипед жолы бар кезде өзге жолмен жүруіне;

Трамвай жолында және бірден көп жолағы бар жолда солға бұрылуға, кері айналуына;

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтуіне тыйым салынады.

Жаңа ереже ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң іске асады.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Латын әліпбиіне көшуге қанша қаржы керек екені белгілі болды

Алматы-Шымкент жолында 31 адам мінген автобус аударылып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар