Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Қазақстан астанасының ауысқанына 18 жыл (фото)

Осыдан 18 жыл бұрын, 10 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына ауыстыру туралы шешім шығарған еді.

20151209221516

1998 жылдың мамыр айында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Ал 1998 жылы 10 маусым күні жаңа Астана халықаралық таныстырылымы өткен болатын.

 

Осылайша,  18 жыл ішінде Ақмола инфрақұрылымы жаңа, Астанадай алып шаһарға айналды. ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанның елордасы «бейбітшіліктің қаласы» атағына ие болды. Ал қазақстандықтар үшін Астана жастардың арманы орындалатын қалаға айналған.

Қазір Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды (2015 жылғы қазандағы мәліметтер бойынша) құрайды. Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 470 (44%), «Есіл» ауданы бойынша – 134 472 (15,5%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 848 (40,5%) адамды құрады.

Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі сонау 1994 жылдың 6 шілдесінде елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдағандықтан, Астананың туған күні 6 шілдеге ауыстырылды. Сөйтіп, 2008 жылы «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді. Астананың туған күні – 6 шілдеде жыл сайын ең ірі мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

Астана қаласының жоспарындағы ең ірі шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. Айта кетейік, Астана – ЭКСПО көрмесін қабылдайтын ең жас қала.

20151209221552

20151209221548

????????????????????????????

20151209221540

20151209221537

20151209221533

20151209221528

 

20151209221520

20151209221524

20141210101803

20151209221516

20151209221512

20151209221457

20151209221505

20141210101740

 

 

Талқылау