Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт жары Аишаға қатысты ел арасында тараған қауесетке жауап берді

Танымалдылықтың бір кемшін тұсы – ел арасында сен туралы сөз де, әңгіме де көп. Мұны Бүркіт жақсы түсінеді. Ол алғаш рет желіде өзі туралы шындыққа жанаспайтын ақпаратты көрген соң, ондай сөздерге мән беруді қойған. Бұл туралы Бүркіт Tengrinews.kz басылымының “The Эфир” жобасында айтты.

Бүркіт жары Аишаға қатысты ел арасында тараған қауесеттерге жауап берді

Бүркіт жары Аишамен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Ол Аишаның өзіне ақылшы дос бола білетінін ерекше атап өтті. Бір қызығы, жұрт ажырамас жұп деп санайтын Бүркіт пен Аиша бөлек-бөлек демалғанды ұнатады екен.

“Аиша – бірінші кезекте мен үшін дос, кеңесші. Кез келген нәрседен онымен ақылдасамын, ол да менен сұрайды. Екеуміз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз әрі қатты сыйлаймыз.
Гастрөлдік сапар кезінде бөлек демаламыз. Ол өз құрбыларымен, мен өз достарыммен қыдырамын. Қалада кейде бірге тамақтанамыз, бірақ көбінесе бөлек демаламыз”, – дейді Бүркіт.

Бұдан бөлек, Бүркіт ел арасында Аишаға қатысты тараған қауесеттерге жауап берді.

“Өзім жайлы қауесеттерді көп оқымаймын. Instagram енді дамып жатқан кезде бір жерден: – Аиша испаниялық, ұлты аралас, – дегенді оқығанмын. Не деген сандырақ деп ойладым. Содан кейін ондай нәрселерге мән бермеймін. Аишаны біреулер ұрлап әкетіпті деген тіпті, сандырақ. Сол қауесетті шығарған адамды тауып алып, бетіне айту керек шығар”, – дейді Бүркіт.

 

Талқылау