Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан әдепсіз қылығы үшін елден кешірім сұрады (видео)

Жақында желіде Ерке Есмаханның белгілі әзілкештерді балағаттаған видеосы тараған еді. Бұған дейін қылықты да биязы мінезімен көпшіліктің көңілін баураған Еркеден ел мұндайды күтпеді. Сол себепті мәселенің мән-жайын анықтамастан, әншіні сөге жөнелді, деп жазады Stan.kz.

Ерке Есмахан

Еркенің не себепті мұндай қадамға барғаны белгілі болды. Қос бірдей актер әрі әзілкеш Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек әншіні кинофильмінің тұсаукесері қарсаңында алдаған. Олар кинотеатр әкімшілігімен келісіп, алдын ала көрсетілімге бір күн қалғанда фильмнің прокатқа шықпайтынын жеткізген.

Мұны естіген Ерке осы фильмді түсіру үшін қалай қиналғанын, тірнектеп жиған бар ақшасын салғанын айтып жылайды. Еңбегінің еш кеткеніне сене алмайды. Көрсетілімге қатысатын адамдарға шақыру таратып қойғанын да ескертеді. Алайда кинотеатр өкілі Еркенің сөзін елеместен, фильмді 2019 жылы жарыққа шығаруды ұсынады. Мұны естігенде продюсер Гүлнұр Мамасарипова кинотеатр өкілінің бетіне су шашып жібереді. Бұған ашуланған Ерлан мырза Еркенің киносын ешқашан прокатқа шығармайтынын айтып, кетіп қалады. Есмахан жылаған күйі қалады. Сол кезде Марат пен Еркебұлан гүл шоғын ұсынып, Еркеге мән-жайды түсіндіреді. Ашуланған Ерке Есмахан жылап, айқайға салады. Елді шулатқан кадрлар дәл осы сәтте түсірілген еді.

Сабасына түскен соң, Ерке әдепсіз қылығы үшін елден кешірім сұрады.

“Мен өмірде бірталай алданған шығармын. Бірақ дәл бұлай алданбаппын. Осы күндердегі ең “жанды” жеріме келіп тиіскенде қатты күйзеліп кеттім. Өзімді ұстай алмадым. Тәртібім қызық боп көрінсе, кешірім сұраймын оқырмандардан… Я не идеальная! “Қызықтаймстық” жігіттерден абай болыңыздар, әріптестер!” – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау