Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағалары не себепті өсуде: Қазақстандық экономист жауап берді

Қазақстанда өсімдік майы, ет пен көкеністердің бағасы шарықтап өсуде. Бұл жағдайға не себеп болғанын экономист Марат Қайырленов түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Менің ойымша, бұл жерде үш түрлі факторға бөлінеді. Бірінші фактор – қытайлық сұраныс. Өздеріңіз білесіздер көп жылдан бері қытай экономикасы өте жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі таңда көптеген адам экологиялық таза өнім тұтынуға тырысады. Оның ішінде, әрине, біз шығарған өнімдер де бар. 

Екінші фактор – әлемдік инфляция. Яғни орталық банктерде көп ақша басылып шықты. Бұл жағдай бүкіл әлемде азық-түліктің бағасының өсуіне әкеліп соқты. 

Бұны біз кемшіліктер деп айтсақ болады. Біздің елдегі мемлекеттік басқару бағаны ұстап тұру үшін шаралар жасауы керек болған. Бұл тұрақтандыру қорлары, өндірушілерді субсидиялау, монополиямен күрес деген секілді. Өкінішке қарай, біз барлық жағынан үлкен кемшіліктерді көріп жүрміз.

Азық-түлік мәселесі бізде бірінші жыл қозғалып жатқан жоқ. 2007 жылдан 2020 жылға дейін тамақ өнімдеріне арналған шығындардың үлесі 30 пайыздан 54 пайызға дейін өсті. Елдегі жағдай шамамен 2007 жылы Орталық Шығыс Еуропадағыдай болса, қазір 54 пайыздық жағдай Африка мен Оңтүстік Сахарадағыдай болып тұр. Яғни ең кедей елдер үлесіндегідей, сондықтан бұл күрделі мәселе десек болады”, – дейді экономист.

Жағдайды нарықтық экономика заңын бұзбай қалай реттеуге болады?

“Бірінші кезекте халықтың кірісін арттыру керек. Яғни әлеуметтік төлемдерді ұлғайтуға тиіспіз. Өйткені әлеуметтік сфераға кететін шығын көлемі жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрайды. ЕЭО елдерінде бұл 20 пайызды құрайды. Яғни 10 пайыз айырмашылық жылына 7 триллион теңгені әлеуметтік сфераға жұмсасақ болады. 

Екінші бағаны ұстап тұру бойынша жұмыс жасау керек. Яғни тұрақтандыру қорлары, өндірушілерді субсидиялау, монополиямен күрес осы салада ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс жасауы керек. Сол кезде нәтижесін береді”, – дейді ол.


Қазақстанда күнбағыс майы қайта қымбаттады: Сарапшылар не айтады 


 

Талқылау