Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына жетінші алтын түсті
Қазақстандық гимнаст қыздар Қазақстанға жетінші алтын сыйлады, деп жазады Stan.kz.

ҚР ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметіне сәйкес, триумф авторлары Даяна Абдирбекова, Алина Адильханова мен Адиля Тлекенова болды. Олар 159.850 балл жинады.
“Біз соңына дейін күрестік. Сөзім жоқ. Қыздарым бар күшін салды. Оларға жүлде алыңдар деп талап қойған жоқпыз. Олар максималды түрде өздерін көрсетуі тиіс еді. Олар бәрінен озық болды”, – дейді команданың бас бапкері Әли Юсупова.
Бапкер мұның Қазақстан тарихындағы жас құрама екенін атап өтті.
“Дайындығымыз текке кеткен жоқ Бақыттымыз. Енді жеке орындаулар да жүлде алуға күресеміз. Бәріне алғыс айтам”, – дейді ол.
Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Оңтүстік Корея алды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда