Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжетхана қазатын жер қалмады: Ақтөбеде қаланың қақ ортасында тұратын тұрғындар апатты үйде қиын өмір сүруде

Ақтөбеде бір ғасырдан аса уақыт бұрын салынған үйдің тұрғындары жағдайларын айтып шағымданды. Қаланың қақ ортасында тұрып жатқан олар үйде не газ, не су жоқ екенін айтуда. Тіпті, аулада әжетхана қазатын орын қалмаған. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жарты жыл бұрын апатты үйдің тұрғындарын көшіруді тапсырғанымен, ештеңе өзгермеген.

Әжетхана қазатын жер қалмады: Ақтөбеде қаланың қақ ортасында тұратын тұрғындар апатты үйде қиын өмір сүріп отыр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қалалық әкімдіктің дәл түбінде тұрған үйдің тұрғындарының сөзінше, жағдайлары жағдайымыз ауылдың тұрмыс-тіршілігінен де төмен. Олар күнделікті ішетін уын дүкеннен сатып алады екен. Ал тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданады. Қала орталығында тұрып жатқан олардың әжетханасы да далада екен.

«Орталық, әкімдіктің жанындамыз. Дәретхана  жоқ, дым жоқ. Тіпті, ауылдың адамдары келіп таң қалады. «Бізде ауылда газ жүргізіп жатыр, су жүргізіп жатыр, әжетхана, ваннамыз бар. Сендер қалай отырсыңдар мынандай үйде?» –  дейді. Отырмағанда қайда барамыз?» – деп ашынады тұрғындардың бірі Орынгүл Мырзабаева.

«Бізде тек бір орталық жылу беру бар, болды. Су төксек мектепке ағады. Мектеп айыппұл салады. Су төгетін жеріміз жоқ. Әжетханаға баратын жеріміз жоқ», – дейді тұрғын Жанай  Әбуғалиев.

Әжетхана қазатын жер қалмады: Ақтөбеде қаланың қақ ортасында тұратын тұрғындар апатты үйде қиын өмір сүріп отыр

Әкімдіктегілердің сөзінше, едені мен қабырғасы сөгілген апатты үйді тізімге алған. Алайда оны сүру үшін мемлекеттен қаржы бөлінбеген көрінеді. Ендігі жеке инвесторларға шығып, ұсыныс білдіріп жатырмыз, дейді олар.

Бізде апатты үйлердің қатарына тіркелген. Тұрғындар бізге осы үй бойынша келген. Біз бірнеше компанияларды басына апарып, осы тұрғындармен жиналыс өткіздік. Алайда әлі күнге дейін құрылыс компаниялары келісімге келген жоқ», – дейді Ақтөбе қаласы тұрғын үй қатынастар бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Рамазанов.

Әкімдіктелігердің айтуынша, апатты үйге қатысты мәселені жеке құрылыс компанияларының көмегімен ғана шешуге болады. Кәсіпкер табылып, орнына жаңадан үй салуға келіскен жағдайда ғана тұрғындар көшіріледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау