"Ұят емес пе": Әжетханада отырғанын көрсеткен Аманғали Сыпабеков жұрттан сөз естіді (видео)
Әжетханада отырған бейнежазбасын жариялаған әзілкеш жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аманғали Сыпабеков әжетханада отырған видеосын желідегі парақшасына жүктеп, жазба қалдырған. Әзілкешке әжетхананың ішіндегі терезе ұнамай қалған болуы керек, сол терезені сынаймын деп, Аманғали Сыпабековтың өзі сынға қалды.
"Шалбармен отырмын. Өйткені бұл шалбармен отыратын әжетхана екен. Терезені қарасаңыздаршы. Осындай әжетхана бола ма енді", - дейді Аманғали Сыпабеков.
Әзілкештің бұл қылығын көрген жұрт ашуға булығып, жарыса пікір қалдырды.
"Неге шалбарыңды шешіп көрсетпейсің?", "Осы жігіт басынан жеркенішті өнерімен жүретін еді", "Осындайды көрсете ме халыққа? Ұят қой мынау", "Не деген ақымақ адамсыңдар", - десті жұрт.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық