Айжан Байзақова шашы тақыр қалыңдықты жақтап сөйледі
Бірер күн бұрын желіде шашы тақыр қалыңдықтың тұрмысқа шыққан видеосы тарап, жұрттың қызу талқысына түсті. Көпшілік образы “ерекше” қызды даттап, қатаң сынға алған. Бұл орайда атышулы Байзақова шашы тақыр қалыңдықты жақтап сөйледі, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Міне, екінші күннен бері мына жұптың суреті алдымнан шыға беруде. Желідегі парақшалар жарыса жариялап жатыр. Пікірлер лас сөздерге толы.
Сіздер рас айтасыздар ма? Қыз шашын тақырлап алып тастағысы келген екен, енді оның жебіріне жетесіздер ме?” – дейді бикеш.
Сондай-ақ, Байзақова адамды сырт келбетіне қарап бағаламауға шақырды. Бұл орайда ол жеке тәжірибесінен мысал да келтірді. Айтуынша, сырт көзге қарапайым, ұялшақ, ибалы болып көрінген шашы ұзын қыз шын мәнінде нашар болып шыққан.
“Барлығын тек сыртқы келбетіне қарап бағалап, әбден жалықтырдыңдар”, – дейді Байзақова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"