Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 332-334 теңге шамасында сатылуда

KASE Бүгін таңғы сессиясындағы 1АҚШ долларының бағасы 336,66 теңге болды. Бір күн бұрын түс ауа Ұлттық Банк төрағасының баспасөз мәсілихатынан кейін доллар бағасы  күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша  332,55 теңгеге тең болған еді.

photo_135621

22 желтоқсандағы күндізгі сессияда алғашқы келісім 333 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға – 334,5 теңге. Ең төмені 330 теңге болды. Сауда көлемі 92,75 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 333-339 теңге аралығында сатылып  жатыр екен.

 

Талқылау