Айтыста ең көп көлік мінген ақынды білесіз бе?

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 12:53

Танымал ақын, айтыс өнерінің дүлдүлі Айнұр Тұрсынбаеваның жыр бәйгесінен 30-дан аса көлік ұтқанын ел біледі. Тіпті, айтыста Айнұрдан көп көлік мінген ақын жоқ деп санайтындар көп. Шындығында солай ма?

айтыс коллаж

1997 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан айтыс бәйгесіне 300-ге жуық автокөлік тігілген. Алғашқы көлікті ақын Бекарыс Шойбеков тізгіндепті. Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев жыр бәйгесінен қанша көлік ұтқанын ешқашан ашып айтқан емес. Өнер майталманы «айтыста менен көп мәшіне мінген ақын жоқ» деп жар салды.  Десе де ол қанша көлік ұтқанын ашып айтпады.

Есесіне бұл сұраққа Жүрсін Ерман жауап берді. Ол Аманжол Әлтаевтің сөзін растады. 43 көлік ұтқан ақын Аманжол Әлтаев тұлпар тізгіндеуде алдына жан салмапты. Ал жұрт көшбасшы санаған Айнұр Тұрсынбаева 35 көлік еншілеген. Осылайша айтыстың аққуы бұл рейтингте 2-орынды місе тұтты. Одан кейінгі орындар 10 шақты көлік ұтқан Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақовтарға бұйырды.

Көлік тізгіндеудің «хас шеберлері» тапқан табыстарын киім-кешекке жұмсайтын көрінеді. Мәселен, Аманжол Әлтаев бір белдігінің құны бір көлікке татитынын айтса, Айнұр Тұрсынбаева ұлттық нақыштағы киімдерге шашылатынын мойындады.

«Ең қымбатқа түсетін ұлттық киімдер. Айтысқа қатысатын болған соң алуыма тура келеді. Шындығында 400-500 мың теңгеге шығып жатыр. Ешқандай демеушісіз шығамын, сондықтан да көбінесе ұлттық киімдер алу қымбатқа түседі», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

Мейрамбек Беспаев қырыққа толған жігіттердің әнін шырқады (видео)

Мақпал Жүнісова білместікпен Шаһизаданың концертінің сценарийін бұзды

Бейбіт Сейдуалиева қазақ тілінде қатесіз жаза алмауының себебін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар