Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыскер Аманжол Әлтай Қанат Әлжаппаров пен танымал әншілерден өнерді қорламауын сұрады

Танымал айтыскер, ақын Аманжол Әлтай  Қанат Әлжапаровтан қазақтың қасиетті өнерін қорламауын сұрады. Осыған дейін Қанат Әлжапаров пен өзге де әртістер «Жұлдыздар айтысады» шоу-айтысында өнер көрсеткен еді.

Безымянный

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қанат бауырым, бойыңда азаматтық намысың болса, ұлттық өнерге деген құрметің болса, енді айтыс саxнасына шықпауыңды сұраймын. Айтыс өнері еріккеннің ермегі емес, өнерді олай қорлауға болмайды… Қазақтың баласы болсаң енді қой, ақылың жетсе кешірім сұрасаң да артық емес. Төреғали, Еркін, Роза секілді ақындық таланты бар өнер иелерінің айтысқа шыққанын қолдаймын, жылы қабылдаймын. Жанар, Ұлықпан секілді айтыстан ауылы алыс әншілерге ақылға келіңіздер демекпін. Киелі өнердің кұтын қашырмайық!», – деп жазады Аманжол Әлтай Facebook парақшасында.

«Жұлдыздар айтысады» шоуы биыл екінші рет өткізілді. Былтыр жұлдыздар алғаш рет айтысуға шыққанда көпшілік мұны қабылдай алмай, сын пікірлерін айтқан болатын. Десе де, бұл шоу-айтыс биыл екінші мәрте берілді. Шоуда Қанат Әлжапаров, Айгүл Иманбаева, Мөлдір Әуелбекова, Еркін Нұржанов т.б. айтысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін халықтың Қанатты “Айтыс өнерін қорStan.kzлады” деп айыптағанын жазған болатынбыз.

Талқылау