Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таңқалдырды
Айтыскер ақын Ринат Зайытов әнші Ақылбек Жеменейдің кешінде брейк билеп жұртты таңқалдырды.

Фото: ult.kz
Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.
Күні кеше жарнамасы көптен бері жасалып жүрген Ақылбек Жеменейдің кеші өткен-ді. Аталған кешке Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жанай, Тамара Асар сынды әншілер қонақ болып келді. Мұнымен қатар, арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов та бар. Ол кеш иесімен бірігіп ән орындап қана қоймай, брейк билеген.
Мұны көрген жұрт оның өнеріне тәнті болып, бұрын-соңды “жұлқынып” би билемегенін тілге тиек еткен-ді. Әнші мен Зайытов “Соңғы хат” әнін бірігіп орындап, арасында айтыскер ақын рэп оқыды.
Естеріңізге сала кетсек, Ринат Зайытовтың қызы мен жарын перзентханадан салтанатты түрде шығарғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды