Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлтан Назарбаев Жақсыбеков пен Тасмағамбетовке қарсы шықты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев соңғы уақытта ұсталып жатқан билік өкілдеріне байланысты пікір білдірді.

1138056

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Кішкентай қызы өмірге келгелі бері ойы салмақтанғанын айтқан ол, ел болашағы туралы жиі ойлай бастадым дейді. Сондай-ақ, билікте отырған азаматтардың көбісі кәсіби мамандар екенін де атап өтіпті.

“Өкінішке қарай, көбісі жұлдыз ауруына шалдығып қалады. Бұл адамдар халықтың қызығушылығы мен талабын ескермей, өз байлығын, өз қамын көп ойлайды. Ондай ауру адамдар мемлекеттік тапсырмаларды шешуге келгенде тым әлсіз болмақ. Әлсіз адамдар осындай күрделі кезеңде менің атама қалай көмектесе алады?”, – деп сауал тастайды.

Осы ретте ол қазіргі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов президенттің айналасын лайықты түрде тазалап жатыр деп есептейді.

“Қазір “халық жауы” деген сөз еш жерде қолданылмайды. Бірақ, ондай адамдардың әлі де болса билік басында бар екенін даусыз. Өйткені, олар бір-біріне емес, халыққа жамандық істеп жатыр. Бұл қиын шақта Мәсімов Қазақстан президентінің айналасын лайықты түрде тазалап шығады деп ойлаймын”, – деді Айсұлтан Назарбаев.

“Мен үшін қызық болып тұрғаны, оларға тікелей бағынышты адамдар ұсталып жатқан кезде ұлттық банк төрағасы Ақышев пен президент аппаратының басшысы Жақсыбеков өз биліктерін сақтап қала ала ма? Мен оларды жақсы білемін, егер біреу бір қылмыс жасайтын болса, онда әлгі адамдарға көрсетпей жасап кетуі мүмкін емес. Тексеріс Өтемұратов пен Тасмағамбетовті де айналып өтпейді. Олардың да лас бөлістерге араласқан-араласпағандығы анықталады. Аға-көкенің дәурені соңына таяп келеді. Қазақстан көз алдымызда өзгеруде”, – дейді ол.

Айта кетейік, өткен жылдың соңынан басталған билік өкілдерін ұстау операциясы әлі жалғасуда. Олардың қатарында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаев, ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, БЖЗҚ төрағасы болған Руслан Ерденаев және мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы  Аслан Жақыповтар бар.


Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы

Талқылау