Айсұлтан Назарбаев: Абылай ханның арманын президентіміз жүзеге асырды

Сәрсенбі, 6 Шілде , 2016 18:06

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев Астана күні қарсаңында атасын туған күнімен құттықтап, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманына тәуелсіздік алып қол жеткізгенін атап өтті.

54454

Құттықтауын Фейсбуктағы парақшасында жариялаған Айсұлтан, ең алдымен қызды болған кезде тілектерін жаудырған тілеулестерге алғыс білдіріп, қызының есімін кім деп қойғанын да айтты.

“Достар мен сіздерге алғыс айтқым келеді. Біз сіздерден ештеңе жасырмаймыз. Сол себепті қызымыздың есімін қалай қойғанымызды да айтқым келеді. Біздің сұлуымыздың аты Амели Назарбаева. Біздің кішкентай отбасымызға тілеген тілектеріңіз үшін рахмет айтамыз”, – деп жазды.

Осылайша ризашылығын жеткізгеннен кейін, күннің негізгі тақырыбы Елбасының туған күніне қатысты жүрекжарды құттықтауын жеткізген.

“Бүгін біз үшін ерекше күн – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Ол кісінің керемет істері менің әркез жүрегімде. Бір жағынан әрине, мен ол кісінің немересімін. Тағы бір нәрсе – мен осы Қазақстанның азаматымын. Мен – қазақпын. Әлемнің кез-келген елінде өзімнің ұлтым туралы мақтанышпен айта аламын. Мыңдаған жылға созылатын тарихыммен мақтанамын. Біз кешегі көшпелі халықтардың ұрпағымыз. 550 жыл бұрын өз алдарына бөлек ел болған бабаларымыз бізге бейбіт күнді сыйлады”, – деген Айсұлтан Назарбаев 25 жыл бұрын тәуелсіздік алған қазақ елінің еңсесін тіктеп, етегін жинап ел қылуда, шекарасын толықтай бекітіп шығуда президенттің еңбегі орасан екенін айтқан.

“Сонау Керей мен Жәнібектен бастап барлық бабаларымыз халықтың бірлігі мен ұйымшылдығын сақтай алды. Абылай хан айтқан: Менде үш арман болды. Біріншісі: өз елімді бейбіт өмірге жеткізу, бірақ ол үшін көп қан төгілді. Екіншісі: мен халқым үшін қала тұрғыза алмадым. Үшіншісі: бүкіл халықты соңына дейін біріктіре алмадым”. Абылай ханның арманы бүгінгі Қазақстанда орындалды. Оны ешқандай хан орындай алмады, бірақ алғашқы заңды сайланған президент орындады. Біздің ержүрек, қайсар халқымыз президентпен бірге 25 жыл ішінде ғасырға бергісіз жұмыс атқара алды. Бұл біздің ұлы, кез-келген игі іске икемді халық екенімізді анық аңғартады. Аллаға шүкір, қазақта осындай көшбасшы бар. Абылай ханның өзі қазіргі заманды көрсе президентпен мақтанар еді”, – дейді ол.

Немересі сөз соңында “Ата Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық тілеймін. Алла-Тағала Сізге ең ұзақ өмір берсін!”, – деп аяқтайды.

Оқи отырыңыздар:

Айсұлтан Назарбаев ел футболын дамытатын жаңа тәсіл ұсынды

Назарбаевтың немересі Жақсыбековке Талдыкөл маңынан киізүйді өзі құрып беретінін айтты

Айсұлтан Назарбаев: Өмір бойы әкеме алғыс айтамын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жиені болса, тегінің “Назарбаевы” несі

  • Анонимно says:

    Акесинин фамилиясын алмаганы киын екен, егер тусинсе!

  • Анонимно says:

    Акен туралы жазганын дурыс деп ойлаймын. Аке кашан да аскар тау. Бирак Айсултан тегинди озгерткенин дурыс емес. Тегинди озгертеенин акенди оширгенин гой.

    • Анонимно says:

      Амелиі несі… Дәмелі десейші..Кейін Дамели бола берер еді ғой)))

  • Алмагуль says:

    Айтылган создин барине косыламыз,елбасымызга ризамын,бирак аттеген айларда жок емес!

  • Анонимно says:

    Бакытты урпактар гой! Бизгеде насип еткей!

  • Болат says:

    Елбасының ұрпағы да өзі сияқты салиқалы ақылды екеніне снемідімін. Атасының атын жерге қаратпайтын болар. Туған күніңізбен Елбасы!

  • Жұмбақ жан says:

    Айтқаныңның бəрі орынды! Бірақ сол Абылай ханның 3-тілегін орындаймын деп жер қойнауының бəрін сатып жіберді деп қойсаң……..

  • Палуан says:

    Өйдөт деген де

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар