Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек итіне spa-салон іздеп жүр

Айсәуле Бақытбек алматылықтардан көмек сұрады. Дәлірек айтсақ, ол өзінің итіне арналған spa-салон іздеп жүр екен.

15877469_1363403703730731_1919645601566294016_n

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қайырлы таң! Жаман адамдар маған түрлі жағымсыз пікір айтпауларыңызды сұраймын. Ал мейірімділері Алматы қаласындағы итке арналған spa-салон туралы айта ала ма? Ла жалғыздықты ұнатпайды. Мен оның бірнеше сағат ләззат алғанын қалаймын. Ол осыған лайық”, – дейді Айсәуле Бақытбек. Желі қолданушыларының пікірі әдеттегідей екіге бөлінді. Бірі продюсердің қызына көмектесуге асықса, енді екіншілері жағымсыз пікір білдіріп жатты.

“Адамдар сондай қатыгез болып кеткен. Мұнда тұрған не бар? Түсіне алар емеспін. Мысалы, мен де өз мысығымды қатты жақсы көргендіктен киіндіремін. Жарайсың, Айсәуле! Осы бетіңнен тайма!”, “Байлықтан басың айналғаны соншалық, ақшаны шашатын жерді тапқан екенсің. Соны халыққа жария етпей-ақ апарсаң болады ғой. Интернет те бар. Баян екеуің елдің күлкісіне айналып болдыңдар ғой”, Мен керісінше осы адамдарға қарап отырып өмірден ләззат аламын. Итті спа салонға апарғанда тұрған не бар?”, “Оның орнына әкеңе барып қайтсай қайтеді? Біресе айфон, біресе ит. Ақымақ екенсің” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қызыма қысқа киюге рұқсат берген мен жақсы ана емес шығармын

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді

Баян Есентаева желі қолданушыларымен әзілдесті (фото)

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Талқылау