Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Бақытты әйел маған жағымсыз пікір жазады деп ойламаймын

Америкада жүрген Айсәуле Бақытбек жуырда жартылай жалаңаш күйдегі суреттерін жариялап, желіні біраз шулатқан еді. Аталған жайтқа қатысты желі оқырмандары, оның ішінде әйелдер қауымы Баян Алагөзованың тұңғышына жағымсыз пікірді қарша боратқан көрінеді. Бұл ретте Айсәуле өзін сынағандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Мені қызықтыратыны, неге маған жағымсыз пікірді көбінесе әйелдер жазады? Әсіресе, күйеуі, баласы бар әйелдер жазғанда таңғаламын. Парақшаларына кірсем, бақытты әйелмін деп жазып қойыпты. Шын мәніндегі бақытты әйел негатив пікір жазбайды деп ойламайсыздар ма?

Қысқасы ерлерге берер кеңесім: сүйіктілеріңіз менің өмірімді аңдып жүрсе, оларға көбірек көңіл бөліңіздер. Мен де әлеуметтік желіде көптеген сұлулардың парақшасын бақылап отырамын. Бірақ оларға қызыға қараймын, мақсаты бар және сондай сұлу қыздар. Жағымсыз пікір жазғым да келмейді”, – дейді Айсәуле.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал отандық күйші шаңырақ көтерді (фото)

Төреғалидің экс-продюсері әншімен арадағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Анасы мен енесін клипке түсірген Салтанат Бақаева тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Алагөзова “жасына сай киінбейді” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау