Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Ата-анасы ажырасса да, бала бақытты бола алады

Айсәуле Бақытбектің пайымынша, бала тек қана ата-анасы бақытты болған жағдайда бақытты бола алады. Ол үшін тіпті, әке мен шешенің бірге де тұруы шарт емес. Бұл туралы бойжеткен Instagram-дағы оқырмандарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айсәуле Бақытбек

Фото: Айсәуле Бақытбектің мұрағатынан

“Менің ойымша, балалар ата-анасы бақытты болған жағдайда ғана бақытты әрі моралдық тұрғыдан келгенде шыдамды болады. Мейлі, тіпті ата-анасы бөлек тұрса да… Егер сіздің де қызыңыз болса, ойланып көріңізші… Болашақта ол да сізден үлгі алып, өз бақытын құрбан етсе, сіз соны қалар ма едіңіз?” – дейді Айсәуле.

Бұдан бөлек, Баян Алагөзованың қызы бала күнінде анасының берген тәрбиесі туралы әңгімеледі. Айсәуленің айтуынша, анасы Баян оған ешкімді жек көрмеуді үйреткен.

“Жалпы мен “жек көру” деген сөздің өзін қолданбайды екенмін. Бала күнімде анам “өшпенділік” адамды іштей жейді, сондықтан да үнемі кешіріп, ұмытуға тырысу керек” деп айтқан. Бұл нәрсені мәңгілікке жаттап алдым, солай өмір сүріп келемін”, – дейді Айсәуле.

Сондай-ақ, бойжеткен алғаш рет 5 жасында ақша тапқанын, табысына анасына сыйлық жасағанын атап өтті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау