Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева желіде адам жинап, қомақты қаржы тауып отыр деп айыптағандарға жауап берді

Соңғы уақытта айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көп сынның астында қалатынын жасырмайды. Сынайтындардың басым бөлігі оны әлеуметтік желі арқылы халықты жинап, қомақты қаржы тауып отыр деп айыптайтын көрінеді. Дегенмен, Айнұр желілік бизнеспен айналысатынын барған жерінде ашық айтып жүр. Бірақ, елдер айтқандай ешкімнен, ешқандай да қаржы жинамайды. Тіпті, кейбір адамдар сынды семинар, тренинг өткізбейді екен. Бұл туралы Тұрсынбаева Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Айнұр Тұрсынбаева

«Тренинг, семинар өткізбеймін. Ондай ештеңкемен айналыспаймын. Өзімнің салам бойынша жұмыс жасаймын. Иә, мен тек желілік бизнеспен айналысамын. Тек қайда, қалай айналысу керектігін ғана түсіндіріп өтемін. Айта кетейін, халықты жинап, ақша табу мақсатында емес», – дейді белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаева өзін қарапайым халықтың ішінен шыққан айтыскер ақын екенін ұмытқан емес. Сондықтан да, кез-келген концерт, фестиваль сынды іс шараларға шақырса да айтыскер ақын ретінде баратынын жеткізді.

«Халық мені айтыскер ақын ретінде біледі. Қай салада жүрсем де, өзімнің айтыскер ақын екенімді ұмытқан емеспін. Қарапайым халықтың ішінен шыққан өкіл ретінде кез-келген концертке, фестивальге барайын, қай жерге құрметті қонақ болсам да айтыскер ақын ретінде барамын», – деп ағынан жарылды ақын.

Халық – белгілі тұлғаларға қарап бой түзейді. Сондықтан да мейлінше мәдениетті болуымыз керек, – деген пікірде Тұрсынбаева. Дұрыс жүріп, дұрыс киіну әрбір адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Айнұр өзін сәнді киінетін тұлғаға жатқызады. Жақында, тіпті, ұлттық киімдер сататын бутик ашқан. Онда тек қазақы бояуды бұзбайтын ою-өрнекпен көмкерілген киімдер топтамасы шығармақ.

«Халықтың алдында жүрген тұлғалар, дұрыс киіну керек деп ойлаймын. Ел алдында жүрген белгілі тұлғарларға бой түзеп қалды. Сондықтан да мейлінше, осы ұлттық бояуды жоғалтпауға тырысу керек деп ойламын. Бірақ, ол сондай бір үлкен қаражатты талап етеді деп ойламаймын», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Қазір Айнұр айтыс өнерінен бөлек, бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкер.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау