Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Бір сәттік ләззат бүкіл өміріңнің тыныштығын бұзады

Желіде өзекті тақырыптағы жазбаларымен оқырмандарды баураған Айнұр Тұрсынбаева кезекті постын “бір сәттік ляззат” тақырыбына арнады. Ақын көптеген адамдардың бір сәттік рахат үшін өмірлерін құрдымға кетіретінін мысал етіп келтіріп, ораза айында ойлануға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айнұр Тұрсынбаева

“Біздің ең үлкен қателігіміз дер кезінде тоқтай алмауымыз. Артының жақсы болмайтынын біле тұра саналы түрде қателік жасаймыз. Мысалы балаға зиян екенін біле тұра қолына сотка ұстатып қоямыз, себебі құлағымыз тыныш болу керек. Ертең бала ашуланшақ, мазасыз, көзі нашар көре бастағанда бүкіл жүйкеміз жұқаратынын білсек те бір сәттік тыныштық үшін қателік жасаймыз! Ертең жоғары оқу орнына түсе алмай сауатсыз болып сорлайтынын біле тұра сабағын қадағаламаймыз, мектебіне бармаймыз! Бір сәттік тыныштық!

Семіріп, ентігіп, ұсқынсыз боп кететінімізді біле тұра тамақ жеуді тоқтатпаймыз. Артынан киім сыймай жын ұрып, суретке түссек қорланып, арықтай алмай қиналатынымызды біле тұра тамақты опырамыз келіп! Бір сәттік раxат!

Ертең әйелі біліп қоятынын біле тұра жігіттер басқа жақтан біреуді тауып алып байланысып жүреді. Бір сәттік ләззат! Қарап отырсам осы бір сәттік қана ләззаттар бүкіл өміріңнің тыныштығын жоқ қылып жіберуі мүмкін екен. Ораза ойланатын ай! Адам баласы өзі тоқтай алмайтынын біліп Алланың тоқтатып қойған айы! Лайым, оразадан кейін де нәпсіміз тыйылып, өміріміз оң өзгерістерге толсын. Оразаларыңыз қабыл болсын жамағат! Біліп-білмей жасаған күнәләріміз кешірілсін”, – дейді Тұрсынбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау