Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Бала-шағасын асырау үшін еден жуып жүрген еркек көрмеппін

Айнұр Тұрсынбаева бала-шағасын асырау үшін “қара жұмыс” істеуден арланатын еркектерді сынға алды. Ақынның айтуынша, перзенті үшін басын тауға да, тасқа да соғатын – ана, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айнұр Тұрсынбаева

“Мүмкін мен қателесіп тұрған шығармын. Бірақ мен көпшілік орындарда еден жуып жүрген, дәретxана жуып жүрген еркек көрмеппін. Түгел әйелдер! Астананың қысын білесіздер. Қақаған аязда аяғын бір-біріне соғып әйелдер банкадағы салат сатып тұрады. Еркектер мұндай жұмысқа намыстанады! Сонда әйелдер намысы жоқ болған соң туалет жуып жүр ме деген сұрақ туады. Жоқ! Керісінше әйелдер бала-шағасына тамақ тауып беру үшін еш қиындыққа қарамайды!” – дейді Тұрсынбаева.

Ақынның бұл тақырыпты қозғауы бекер емес. Айтуынша, оған күніне жүздеген әйелдер көмек сұрап, хат жазады екен.

“Маған күніне мың әйелден “балаларыма киімге, тамаққа ақша беріңізші” деген xат келеді! Бірақ бір де бір еркек ондай xат жазған емес! Олар “намыстанады”! Жұмыссыз жүрген қаншама ер-азаматты білемін, келіп команда жинап, сауда жаса десең намыстанады! Бірақ отбасын асырай алмау ұят емес! Мен отбасын асырау үшін еңбектенетін ер азаматтарды қатты сыйлаймын”, – дейді Тұрсынбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау